2024 жылғы 4 тамызға тағайындалған Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Константиновка, Лобанов ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауды әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Айыртау аудандық

сайлау комиссиясының

2024 жылғы 26 маусымдағы

№ 15/02 қаулысына қосымша

 

2024 жылғы 4 тамызға тағайындалған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы

Константиновка, Лобанов ауылдық округтерінің

әкімдерін сайлауды әзірлеу және өткізу жөніндегі

негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1. Константиновка, Лобанов ауылдық округтерінің әкімдерін (бұдан әрі – әкімдерді) сайлауды тағайындау

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

2024 жылғы 26 маусым

 (113-1-б. 2, 3-т.)

2. Сайлау округтерінің тізімін олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 6 маусымнан  кешіктірмей

(22-б.)

3. Аудандық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 6 шілдеден  кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Айыртау ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

2024 жылғы 11 шілдеден  кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы 

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2024 жылғы 11 маусымнан  кешіктірмей

 

(23-б. 5-т.)

6. Константиновка, Лобанов ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттарды ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2024 жылғы 27 маусымнан басталады және 2024 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

(113-3-б. 5-т.)

 

7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(113-2-б.)

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы 

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары аудандық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 8-т.)

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу

 

Әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 2-т.)

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну(2024 жылғы 1 маусым)

 

Кандидат пен оныңжұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 3-т.)

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

 (113-5-б. 3-т.)

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен он күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2024 жылғы 27 маусымнан басталып, 2024 жылғы 14шілдеде сағат он сегізде аяқталады

(113-5-б, 14-т)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Айыртау ауданының әкімдігі және Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

 

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2024 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақытпен сағат он сегізде басталады және 2024 жылғы 3 тамызда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

(27-б. 2-т.)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін              үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Айыртау ауданының әкімдігі және Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

                                                                  (28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша ауданәкімі қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскеліксайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Айыртау ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2024 жылғы 14 шілдеденкешіктірмей

(24-б. 5-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бескүнқалғанда

2024 жылғы 19шілде

(26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 24 шілдеден кешіктірмей

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2024 жылғы 1 тамыздан бұрын емес және 2024 жылғы 3 тамыздан кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2024 жылғы 4 тамызда жергілікті уақытпен сағат 06.00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2024 жылғы 4 тамызда жергілікті уақытпен сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкімді сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

2024 жылғы 4 тамызда жергілікті уақытпен сағат 20.00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

(43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды Айыртау аудандық сайлау комиссияларына ұсыну

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2024 жылғы 7 тамыздан кешіктірмей

(113-10-б.)

29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

2024 жылғы 7 тамыздан кешіктірмей

(44-б.)

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2024 жылғы 10 тамыздан кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескерту: күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі

Дата публикации
26 июня 2024