Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының
Константиновка, Лобанов ауылдық округтері әкімдерінің
сайлауын 2024 жылғы 4 тамызға тағайындау және
негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары туралы
ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабы, 1-тармағына сәйкес Айыртау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Айыртау ауданының Константиновка, Лобанов ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау 2024 жылғы 4 тамызға тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2024 жылғы 4 тамызға тағайындалған, Айыртау ауданы Константиновка, Лобанов ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу және оны өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және және аудандық «Айыртау таңы» мен «Айыртауские зори» газеттерінде жариялансын.
Р.Дәулетов
Аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Саумалкөл ауылы
2024 жылғы 26 маусым № 15/02