2024 жылғы 4 тамызға тағайындалған
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы
Константиновка, Лобанов ауылдық
округтері әкімдерінің сайлауы бойынша
сайлау округтерін құру туралы
ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Айыртау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Айыртау ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтері құрылсын:
- Константиновка ауылдық округінің әкімі - Константиновка ауылдық округі әкімінің шекарасында Константиновка сайлау округі;
- Лобанов ауылдық округінің әкімі - Лобанов ауылдық округі әкімінің шекарасында Лобанов сайлау округі;
- Сайлау округтерінің тізімі олардың шекараларын және аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп, аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Айыртау таңы» мен «Айыртауские зори» газеттерінде жариялансын.
Р. Дәулетов
Аудандық сайлау
комиссисының төрағасы
Саумалкөл ауылы
2024 жылғы 26 маусым
№ 15/01