Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының
№ 9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
шығып қалған депутатының орнына кандидатты
тіркеу туралы округтік сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Округтік сайлау комиссиясы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 104 бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарастырып, 2024 жылғы 23 ақпанда № 9 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидатты тіркеді:
- Қошанов Руслан Ербатырұлы, 1988 жылы туған, ұлты қазақ, Айыртау ауданының Қоғамдық кеңестің хатшысы, СҚО Айыртау ауданының Сарыбұлақ а. тұрады, өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды.
№ 9 округтік сайлау комиссиясы