АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Айыртау аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалған сайлауға қатысатын кандидаттар үшін газет алаңдарын беру шарттары мен тәртібі туралы

 

 

«ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкес «Айыртау таңы», «Айыртауские зори» қоғамдық-саяси аудандық газеттерінің меншік иесі «Айыртау-Информ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 2024 жылы 31 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға қатысатын кандидаттарды сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңдарын ұсыну шарттары мен тәртібі туралы хабардар етеді.

Жарияланымдарда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың және ҚР мәслихаттары депутаттарының үгіт материалдарына ақы төлеу көздері туралы ақпарат, ақпарат берген адамның тегі қамтылуға тиіс.

Баспа материалдарын орналастыру кезектілігін «Айыртау-Информ» ЖШС аудандық газеттерінің редакциялары олардың түсу тәртібімен белгілейді. Бір уақытта бірнеше кандидаттардан (сенім білдірілген тұлғалардан) материалдар келіп түскен жағдайда, сол күні жеребе тартылады.

«Айыртау таңы», «Айыртауские зори» газеттерінде жариялауға арналған үгіт материалдары «Айыртау таңы», «Айыртауские зори» газеттерінің кезекті нөмірі шыққан күнге дейін үш күннен кешіктірілмей берілуге тиіс.

«Айыртау таңы», «Айыртау таңы» газеттерінің беттерінде материалдардың орналасу орнын редакция дербес анықтайды.

Редакция егер оларда Конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну идеяларын жариялауды, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құралымдарды және өзге де құрылымдарды құруды көздеген жағдайда заңнамада көзделген негіздерде үгіт материалдарын қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Сондай-ақ, редакция ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың және ҚР мәслихаттары депутаттығына кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.

Үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңдарының құны:

- «Айыртау таңы» газетінде – 1 (бір) шаршы сантиметр үшін 150 (жүз елу) теңге;

- «Айыртауские зори» газетінде – 1 (бір) шаршы сантиметр үшін 150 (жүз елу) теңге.

Төлем «Айыртау-Информ» ЖШС банктік деректемелеріне сәйкес жүзеге асырылады:

БИН 010340003998

ИИК KZ366010251000015103

АО «Народный банк Казахстана»

БИК HSBKKZKX

кБе 17,

«Айыртау таңы», «Айыртауские зори» газеттерінде баспа алаңдарын беру туралы хабарламада көрсетілген деректер.

 

И.Ю. Бурковская,

 «Айыртау-Информ» ЖШС директоры.

 

Дата публикации
19 февраля 2024