Айыртау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Айыртау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1, 6-тармақтарына сәйкес Айыртау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 31 наурызға № 9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Айыртау аудандық мәслихаты депутатының сайлауын тағайындады.

 

Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 31 қаңтардан басталады.

 

Округ орталығы: Кирилловка орта мектебі, Кирилловка а., Абай көшесі, 38, тел. 24-642.

Округ шекаралары:  Новоукраинка а., Казанка а., Аксеновка а., Никольское а., Кирилловка а., Бурлукское а.

 

Айыртау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
31 января 2024