Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының № 9 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің шығып қалған депутатының орнына 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалған сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

Айыртау аудандық

сайлау комиссиясының

2024 жылғы 31 қаңтардағы № 4/01

қаулысына қосымша

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының

№ 9 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің шығып қалған депутатының орнына 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалған

сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

 

1. Сайлау округі туралы мәліметтерді оның шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссиясының орналасқан жерлерін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен  кешіктірмей

2024 жылғы 10 ақпаннан кешіктірмей

(14-б. (т.6) т., 22-б.)

 

2. Аумақтық, округтік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 10 ақпаннан кешіктірмей

 

(13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)                   

 

3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Айыртау ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде

2024 жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2024 жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

 

 

5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және заңнамада көзделген құжаттарды округтік сайлау комиссиясына ұсыну

 

 

Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) және азаматтар өзін-өзі ұсыну арқылы

2024 жылғы 31 қаңтарда басталады және 29 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады

(103-б.)

 

6. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

Округтік сайлау комиссиясы

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б. 6-т, 103-б. 6-т.)

 

7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына            2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Тіркелгенге дейін

(104-б. 2-т.)

 

8. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

2024 жылғы 31 қаңтарда басталады және 5 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де аяқталады

(104-б.)

9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

(104-б. 5-т.)

 

10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Округтік сайлау комиссиясы

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

(104-б. 6-т. 1-тт, 6-1-т. 1-тт.)

 

11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

(14-б , 8-тт.), 16-1-т. 6-тт., 31-б.)

 

12. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

(104-б. 2-т.)

 

13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу

 

Округтік сайлау комиссиясы

Кандидат тіркелгеннен кейін

(34-б. 6-т.)

 

14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау

 

Округтік сайлау комиссиясы

Айына екі рет

 

15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

 

 

Айыртау ауданының әкімдігі,

Айыртау ауданының сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін, 2024 жылғы 5 наурызға дейін

(28-б. 6-т.)

16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2024 жылғы 5 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 30 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат нөлде аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін         үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Айыртау ауданының әкімдігі,

Айыртау ауданының сайлау комиссиясы

айынша  аудандарының сайлау комиссиялары

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

 

Айыртау ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2024 жылғы 10 наурызда

(26-1 б. 1-т.)

 

19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

 

                             

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2024 жылғы 15 наурыздан бастап

(26-б. 1-т.)

 

20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны турлы хабардар ету

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 20 наурызға дейін

(18-б, 5т., 38-б. 2 т.)

 

21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Айыртау ауданының сайлау комиссиясы

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2024 жылғы 28 наурыздан ерте емес және 30 наурызға дейін

(37-б. 3-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

 

 

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2024 жылғы 31 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

 

23. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, 2024 жылғы 31 наурызда, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

24. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде аудандық мәслихат депутатын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

2024 жылғы 31 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады және дауыстарды санау басталғаннан 12 сағаттан аспайды

 

(18-б. 8) т., 43-б.)

25. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу

 

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

 

26. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды округтік сайлау комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(108-б. 1-т.)

 

27. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды   аудандық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(108-б. 1-т.)

 

28. Аудандық мәслихат депутаттын сайлау нәтижелерiн белгілеу

 

Айыртау ауданының сайлау комиссиясы

Сайлау өткен күннен кейін екі күндік мерзімнен кешіктірмей

2024 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей

 

(14-б. 9) т, 44-б. 2-т., 108-б. 2-т)

 

29. Аудандық мәслихат депутатын сайлау қорытындылары туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Айыртау ауданының сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2024 жылғы 6 сәуірден кешіктірмей

 

(14-б. 9) т, 44-б. 4 -т. 2) т)

 

30. Аудандық мәслихаттың сайланған депутатын тіркеу куәлікті және кеудеге тағатын белгі тапсыру

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)

 

31. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде

(34-б. 4-т.)

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
31 января 2024