Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының
№ 9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған
депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6 тармақтарына сәйкес Айыртау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының № 9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлау 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалсын.
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалған Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының № 9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Айыртау аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Айыртау аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы Р.Даулетов
Саумалкөл а,
2024 жылғы 31 қаңтар
№ 4/01