№ 8 округтік сайлау комиссиясының хабарламасы
2023 жылғы 1 ақпанда № 8 округтік сайлау комиссиясына келесі құжаттар келіп түсті:
- "Amanat" партиясы қоғамдық бірлестігі ұсынған Айыртау аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Бақытбек Әбілқайырұлы Дүйсеновтен;
- өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Айыртау аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Айхан Қуантайұлы Жүсіповтен;
- Қазақстан халықтық партиясы ұсынған Айыртау аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Рустем Сұлтанмұратұлы Жұмағұловтан.
Қазіргі таңда кандидаттардың ҚР Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігі анықталуда.