Айыртау ауданы бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу Қағидаларын бекіту туралы пресс-релиз

Айыртау ауданы бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған,

көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе

күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу

Қағидаларын бекіту туралы

пресс-релиз

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің «Айыртау ауданы  бірыңғай сәулеттік келбетті беруге бағытталған,көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу Қағидаларын бекіту туралы» қаулысы жобасын әзірлеуші ​​орган «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Жоба «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-3-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының 31-бабының 1-тармағының 16-5) тармақшасына,  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Республикадағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес әзірленген.

Шешім жобасы "Электрондық үкімет" порталында орналастырылған.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14009840

Дата публикации
22 февраля 2022