Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының
«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум
объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың
ең төмен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне
Пресс-релиз
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы» шешімі жобасын әзірлеуші орган «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарының бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Жоба Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңыны 10-3-бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 «Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20284 болып тіркелген) сәйкес әзірленген.
Құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы "Электрондық үкімет" порталында жария талқылау үшін Ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14023768