Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифттерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифттерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-3 бабы 2-тармағының 11) тармақшасына, «Кондоминиум нысанының жалпы мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 246» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 20536 болып тіркелген) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Айыртауауданында пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
  2. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртауаудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) Осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) Осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз ету.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімі

 

 

 

 

М. Меңдібаев

 

Дата публикации
08 октября 2026