«2026-2028 жылдарға арналған Айыртау ауданы Нижнебурлук ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-36-18 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«2026-2028 жылдарға арналған Айыртау ауданы

Нижнебурлук ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»

Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 8-36-18 шешіміне өзгерістер   енгізу туралы

 

 Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «2026-2028 жылдарға арналған Айыртау ауданы Нижнебурлук ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Айыртау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 8-36-18 шешіміне келесі өзгерістер   енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған Айыртау ауданы Нижнебурлук ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 41 519,6 мың теңге:

салықтық түсімдер – 5 352,6 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 36 167,0 мың теңге;

2) шығындар – 41 766,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 246,6 мың теңге;

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті)                             – - 246,6 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 246,6 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 246,6 мың теңге.»;

4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«4. 2026 жылға арналған аудандық бюджеттен ауылдық округ бюджетіне

берілетін нысаналы трансферттер 6 439,0 мың теңге сомасында ескерілсін.

Көрсетілген аудандық бюджеттен нысаналы трансферттердің бөлуі 2026

2028 жылдарға арналған Нижнебурлук ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы Айыртау аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы ауылдық округ әкімінің шешімімен айқындалады.»;

көрсетілгін шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің  қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

 

 

Г. Әбілқайырова

 

 

Дата публикации
30 сентября 2026