Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікпен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы

ЖОБА

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікпен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін,

сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы  1-тармағының 25) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 48-бабына сәйкес, әлеуметтік көмек көрсету және спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесі, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшері бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

       Аудан әкімі                                                                         М. Меңдібаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
10 сентября 2026