Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 8-13-1 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

 

Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 8-13-1 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Айыртау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы               № 8-13-1«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7743-15 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында айқындалған Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Айыртау ауданы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
20 августа 2026