Айыртау аудандық сайлау комиссиясының сайлау комиссияларының мүшесі ретінде міндеттерін орындауды тоқтату туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Айыртау аудандық сайлау комиссиясының сайлау комиссияларының мүшесі ретінде міндеттерін

орындауды тоқтату туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабының 12-тармағына сәйкес кандидаттардың жұбайы және жақын туыстары, сондай-ақ кандидаттарға тікелей бағынышты адамдар, осы кандидат қатысатын сайлау округіндегі сайлауды тікелей ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ететін сайлау комиссияларына мүше бола алмайды.

Осыған байланысты, 2026 жылғы 28 маусымға тағайындалған сайлауды дайындау және өткізу кезеңінде Антоновка ауылдық округі әкімдігіне кандидат Ж.Ж.Оразалинге тікелей бағынысты болуына байланысты № 14 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Ботагөз Құдайбергенқызы Алинаның комиссия мүшесі ретінде міндеттерін орындауы уақытша тоқтатылып, оның орнына учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып Наталья Николаевна Иващенко, сондай-ақ Украин ауылдық округі әкімдігіне кандидат Ж.Б.Мұқашевқа тікелей бағынысты болуына байланысты № 39 учаскелік сайлау комиссиясының төраға орынбасары Ермұхан Өміржанұлы Тілегеновтің комиссия мүшесі ретінде міндеттерін орындауы уақытша тоқтатылып, оның орнына учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып Нұрлан Беркімбайұлы Кенжебеков тағайындалды.

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
03 июня 2026