2026 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы Айыртау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
анықтама
Ауыл шаруашылығы. 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3 900,4 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,1% болды, оның ішінде мал шаруашылығы – 3 708,0 млн теңге, НКИ – 101,1%.
2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында ет өндіру (тірі салмақта) 1286,5 тоннаны құрады немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңіне 101,9%, сүт – 6361,2 тонна немесе 100,6%, жұмыртқа – 1037,5 мың дана немесе 117,6%.
Ірі қара мал саны 29,3 мың басты (95%), қой мен ешкі – 40,9 мың басты (102,2%), шошқа – 5,3 мың басты (119,5%), жылқы – 15,6 мың басты (111,6%), құс – 67,8 мың басты (112,1%) құрады.
Өнеркәсіп. 2026 жылдың қаңтар–сәуір айларында өнеркәсіп өнімінің көлемі 2108,0 млн теңгені құрап, физикалық көлем индексі 2025 жылдың қаңтар–сәуір деңгейімен салыстырғанда 167,7% болды.
Өңдеу өнеркәсібінде, өнеркәсіп өндірісі құрылымындағы ең үлкен үлесті (63,1%) алатын салада, 2026 жылдың қаңтар–сәуірінде 1329,8 млн теңгеге өнім өндіріліп, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 176,2% құрады.
Азық-түлік өнімдерін өндіру 278,2 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,7% болды.
Машина жасауда (машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату), өңдеу өнеркәсібі көлемінің 75,6% үлесін алатын салада, 1004,8 млн теңгеге өнім өндіріліп, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер көрсетіліп, 2025 жылмен салыстырғанда 201,9% құрады.
Электр энергиясымен, бумен және кондиционерленген ауамен қамтамасыз ету саласында 2026 жылдың қаңтар–сәуірінде көлем 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,3% өсіп, 429,7 млн теңгені құрады.
Тау-кен өнеркәсібінде көлем 292,5 млн теңгені құрап, НКИ 154,3% болды.
Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу саласында көлем 56,1 млн теңгені құрап, НКИ 107,2% болды.
Кәсіпкерлік. 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 389 заңды тұлға тіркелген, олардың ішінде шағын – 374, орта – 14 және ірі – 1.
Аудан бойынша тіркелген 1668 ШОБ кәсіпорнының 1607 немесе 96,3% жұмыс істейді. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2025 жылдың тиісті кезеңіне 1607 немесе 97,2% құрайды.
2026 жылдың қаңтар–сәуірінде кәсіпкерлік саласында 7 субъект ашылып, 12,0 млн теңге көлемінде инвестиция салынып, 7 жұмыс орны құрылды.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 2026 жылғы қаңтар-сәуірде 3020,5 млн.теңгені немесе 2025 жылғы тиісті кезеңге 102,3% құрады.
Көтерме сауда айналымының көлемі 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында 6496,8 млн. теңгені немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 193,5% құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар. 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4326,9 млн.теңгені немесе 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 87,5% құрады.
Инвестицияларды қаржыландыру көзі кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың меншікті қаражаты (жалпы көлемнің 40,6%), мемлекеттік бюджеттен (11,0%) және басқа да қарыз қаражаттары (48,4%) болып табылады.
Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басым салалар ауыл, орман және балық шаруашылығы (54,2%), өнеркәсіп (41,3%) болып табылады.
Құрылыс. 2026 жылдың қаңтар–сәуірінде құрылыс жұмыстарының көлемі 1676,3 млн теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 200,2% болды.
2026 жылдың қаңтар–сәуірінде халық қаражаты есебінен 336 шаршы метр тұрғын үй (4 пәтер) пайдалануға берілді.
Сумен қамтамасыз ету. Кұмтөккен ауылында су тарату желілерінің құрылысына 150,0 млн теңге бөлінді.
Новосветловка, Аксеновка, Кирилловка ауылдарындағы су мұнараларын ағымдағы жөндеуге 51,9 млн теңге бөлініп, 1 мамырдағы жағдай бойынша 42,6 млн теңге игерілді.
КОС, КНС1, КНС2, КНС3 нысандарын және олардың арасындағы магистральдық құбырларды, сондай-ақ Үлкен Көскөл көліне дейінгі магистральдық құбырды қайта жаңғыртуға 500,0 млн теңге бөлінді, 1 мамырдағы жағдай бойынша 450,7 млн теңге игерілді.
Жолдар. Облыстық бюджет қаражаты есебінен:
Имантау селолық округінің аумағында Имантау селосынан өнеркәсіптік комбинатқа дейінгі облыстық жолдан автомобиль жолын салуға - 100,0 млн. теңге;
KTAI-4 «Елецкое ауылына кіреберіс» аудандық маңызы бар автомобиль жолын 0-2,0 км орташа жөндеуге (түзету) – 80,1 млн теңге;
Саумалкөл ауылының ішкі жолдарын ағымдағы жөндеуге – 150,0 млн теңге бөлінді.
Әлеуметтік қорғау. 2026 жылғы 1 мамырға 332 жұмыссыз ресми тіркелді, тіркелген жұмыссыздардың жұмыс күшіндегі үлесі 2,1%-ды құрады.
Атаулы әлеуметтік көмек 43 отбасына (214 адам) жалпы сомасы 8,2 млн теңгеге тағайындалды.
2026 жылғы 1 мамырға 401 адам жұмыспен қамтуға жәрдем алды, 141 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.
Орташа айлық жалақы. 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында орташа айлық жалақы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6%-ға өсіп, 285 847 теңгені құрады. Нақты жалақы индексі 92,7%-ды құрады.
Білім беру. Мектептер желісі 43 бірлікті құрайды, оның ішінде: бастауыш – 7, негізгі – 7, орта – 29 мектеп, оқушылар саны – 4470 бала.
Мектепке дейінгі ұйымдар желісі 40 бірлікті құрайды, оның ішінде 3 мектеп-бөбекжай-балабақша кешені, 2 бөбекжай-балабақша және 35 шағын орталық бар. Оларда 826 мектепке дейінгі жастағы бала тәрбиеленуде. Аудандағы 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейі 100%-ды құрайды.
Мектептерді күрделі жөндеуге 357,1 млн теңге бөлінді, оның ішінде Саумалкөл №1 орта мектебіне – 231,1 млн теңге, 1 мамырға игерілгені – 66,9 млн теңге, сондай-ақ Саумалкөл №2 мектеп-гимназиясына – 126,0 млн теңге.
Денсаулық сақтау. Халыққа медициналық көмекті 9 емдеу-профилактикалық ұйым көрсетеді, оның ішінде 8 амбулаториялық-емханалық мекеме, 89 төсек-орындық 1 орталық аудандық аурухана, сондай-ақ 4 ФАП және 43 медициналық пункт бар.
Халыққа 49 дәрігер және 212 орта медициналық қызметкер қызмет көрсетеді. Дәрігер кадрларының тапшылығы 5 бірлікті (5 ЖПД дәрігері) құрайды.
2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында туберкулезбен сырқаттанушылық өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 есеге артып, 100 мың тұрғынға шаққанда 9,8-ден 13,5-ке дейін өсті (2026 ж. қаңтар-сәуір – 4 жағдай, 2025 ж. қаңтар-сәуір – 3 жағдай).
Ауданда онкологиялық аурулар көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31%-ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 97,6-дан 67,3-ке дейін азайды (30 жағдайдан 20 жағдайға дейін).
Мәдениет және спорт. Ауданда 55 мәдениет ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 26 клуб мекемесі (16 мемлекеттік), 27 кітапхана (барлығы мемлекеттік), 2 мемлекеттік музей бар.
Ауданның клуб мекемелері 300 іс-шара өткізді, оған 15 636 адам қатысты; музейлер 130 іс-шара, 149 экскурсия және 80 дәріс өткізіп, 1128 адамды қамтыды; кітапханалар офлайн форматта 269 іс-шара өткізіп, 4332 адамды қамтыды, онлайн форматта 38 іс-шара өткізіліп, қаралым саны 5411-ді құрады.
Ауданда 184 спорт нысаны жұмыс істейді. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатындар саны 14 409 адамды немесе халықтың 48,7%-ын құрайды. 2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында спорт саласында 24 бұқаралық спорттық іс-шара өткізіліп, оған 1820 адам қатысты.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 2026 жылы жергілікті бюджет есебінен стадион құрылысына 100,0 млн теңге бөлінді.
Гусаковка, Константиновка және Новоукраинка ауылдарында жасанды жабындысы бар 3 шағын футбол алаңын орнатуға 60,0 млн теңге бөлінді.