Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Антоновка және Украин ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы Айыртау аудандық сайлау комиссияның ХАБАРЛАМАСЫ

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының

Антоновка және Украин ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы Айыртау аудандық сайлау комиссияның

 ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-5 бабына сәйкес аудандық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 3 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Антоновка және Украин ауылдық округтері әкіміне кандидаттар тіркелгенін хабарлайды.

Антоновка ауылдық округі әкіміне кандидаттар:

Жартанов Әлихан Сырымбетұлы, 1994 жылы туған, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ, сектор меңгерушісі, Айыртау ауданы, Саумалкөл а. мекенжайында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды;

Құсайынов Марат Жамаұлы, 1964 жылы туған, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің аппараты» КММ, аудан әкімінің кеңесшісі, Айыртау ауданы, Саумалкөл а. мекенжайында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды;

Оразалин Жомарт Жетпісбайұлы, 1971 жылы туған, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Антоновка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, әкім, Саумалкөл а. мекенжайында тұратын, «AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынылды.

Украин ауылдық округі әкіміне кандидаттар:

Азбергенов Ренат Серікбайұлы, 1980 жылы туған, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің ауылшаруашылығы және жер қатынастар бөлімі» КММ, сектор меңгерушісі, Айыртау ауданы, Саумалкөл а. мекенжайында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды;

Мұқашев Жеңіс Ботабайұлы, 1980 жылы туған, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Украин ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, әкім, Кирилловка а. мекенжайында тұратын, «AMANAT» партиясы» ҚБ ұсынылды;

 Серғазина Ұлжан Амангелдіқызы, 1987 жылы туған, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ, бас маман, Айыртау ауданы, Саумалкөл а. мекенжайында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
03 июня 2026