Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының

ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарды ұсыну

қорытындысы туралы

 

2026 жылғы 2 маусымдағы сағат 18.00-де Айыртау ауданы Антоновка және Украин ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Антоновка ауылдық округіне барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде екі кандидат «өзін-өзі ұсыну» бойынша және бір кандидат «AMANAT партиясы» ҚБ ұсынылды.

Украин ауылдық округіне барлығы 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде үш кандидат «өзін-өзі ұсыну» бойынша және бір кандидат «AMANAT партиясы» ҚБ ұсынылды.

2026 жылғы 2 маусымдағы жағдай бойынша 6 кандидаттың сәйкестігі анықталып, 1 кандидат мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттарды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Кандидаттарды тіркеу 2026 жылғы 7 маусымда сағат 18.00-де аяқталады.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.

 

Айыртау аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
02 июня 2026