Өңдеу өнеркәсібі саласында қызмет ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы
Қарыз алушылар
Бағдарлама аясындағы басым салаларға сәйкес өңдеу өнеркәсібі саласында жобаларды іске асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері.
Бір қарыз алушыға берілетін қаржыландырудың ең жоғары сомасы
1 850 000 000 (бір миллиард сегіз жүз елу миллион) теңге.
Тамақ өнеркәсібі саласында – Тамақ өнеркәсібі салаларының тізбесіне сәйкес лимит сомасына шектеу қойылмайды.
Қарыз валютасы
теңге
Сыйақының номиналды мөлшерлемесі
жылдық 6%-дан аспайды
Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі
6,2%-дан бастап
Қаржыландыру мерзімі
- Инвестициялар – 120 айға дейін;
- Айналым қаражатын толықтыру – 60 айға дейін;
- Қайта қаржыландыру – 120 айға дейін.
Комиссиялар
Қарызды ұйымдастыру және беру үшін комиссия алынбайды.
Қаражаттың мақсатты пайдаланылуы
- Жаңа негізгі құралдарды сатып алу, құру және жаңғырту;
- Айналым қаражатын толықтыру;
- Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау бағдарламаларына қатыспайтын қолданыстағы инвестициялық қарыздарды қайта қаржыландыру («Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы, «Даму Өндіріс» бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ сауықтыру бағдарламалары).
Ерекше шарттар
Түпкілікті қарыз алушыларға келесі мақсаттарға қарыз беруге тыйым салынады:
- заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу мақсатында;
- Қарыз алушының бұрын жұмсаған шығындарын өтеу, сондай-ақ Қарыз алушының жеке және (немесе) заңды тұлғалардан, оның ішінде қатысушылардан, акционерлерден, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерден қаржылық көмек алуына байланысты туындаған берешектерді өтеу үшін;
- үлестес/байланысты компаниялардан немесе тұлғалардан негізгі құралдарды, активтерді, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу үшін;
- тұтынушылық кредит беру мақсаттарына;
- құрылтайшыларға (оның ішінде қатысушыларға, акционерлерге) дивидендтер төлеу үшін;
- бағалы қағаздарды сатып алу үшін (портфельдік инвестициялар);
- өндірістік циклге тікелей қатыспайтын бейінді емес активтерді сатып алу/салу мақсаттарына, оның ішінде жеңіл автокөліктерді сатып алу үшін;
- контрагенттердің заңды мекенжайы және/немесе банк шотының деректемелері оффшорлық аймақтарда тіркелген/ашылғаны туралы ақпарат қамтылған кез келген шарттарды/келісімшарттарды/келісімдерді төлеуге;
- акцизделетін тауарларды шығаруды көздейтін жобаларға;
- коммерциялық емес ұйымдарға;
- құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке немесе ұлттық компанияға тиесілі ұйымдарға, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде рәсімделген заңды тұлғаларға.
Толығырақ «Даму қоры» сайтынан танысуға болады.
Өтінімдерді қаржыландыруға қарау тәртібі мен мерзімдері Банктің ішкі нормативтік құжаттарымен реттеледі. Бұл ретте клиенттің өтінімін қарау мерзімі сұратылған сома мен қаржыландыру шарттарына байланысты өзгеріп отырады. Жоба Бағдарлама шарттары мен Банктің талаптарына сәйкес келген жағдайда, клиент толық құжаттар пакетін ұсынған сәттен бастап Банктің уәкілетті органы өтінімді 15-тен 30 жұмыс күніне дейінгі мерзімде қарап, шешім қабылдайды.
Өтінімді қарау үшін қажетті құжаттардың ең төменгі тізбесі