Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2016 жылғы                      19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2-тармағына      сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. 2026 жылдың 03 маусымы мен 30 маусым аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобының құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі                         2025 жылғы 21мамырдан 2026 жылғы 30 маусымға дейін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ә. Ғабдуллин

Дата публикации
25 мая 2026