Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Антоновка және Украин ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау және негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы

Антоновка және Украин ауылдық округтері әкімдерінің

сайлауын тағайындау және негізгі іс-шаралардың

Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Айыртау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Айыртау ауданының Антоновка және Украин ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау 2026 жылғы 28 маусымға тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2026 жылғы 28 маусымға тағайындалған, Антоновка және Украин ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу және оны өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Айыртау таңы» мен «Айыртауские зори» газеттерінде жариялансын.

 

 

Аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                                 Р.Даулетов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Саумалкөл ауылы

2026 жылғы 20 мамыр

        № 27/01

 

 

Дата публикации
21 мая 2026