Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы
Антоновка және Украин ауылдық округтері әкімдерінің
сайлауын тағайындау және негізгі іс-шаралардың
Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Айыртау аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Айыртау ауданының Антоновка және Украин ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау 2026 жылғы 28 маусымға тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2026 жылғы 28 маусымға тағайындалған, Антоновка және Украин ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу және оны өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Айыртау таңы» мен «Айыртауские зори» газеттерінде жариялансын.
Аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Р.Даулетов
Саумалкөл ауылы
2026 жылғы 20 мамыр
№ 27/01