Жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

 

 

Жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының           2-тармағына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2-тармағына сәйкес:

  1. 2026 жылғы 03 маусымнан 30 маусымға дейін «Украин ауылдық

округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

         талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

         талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

         3.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобының құрамы осы өкімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі 2025 жылғы 01 қантардан 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
  2. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  3. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

                                                                                                     Ж. Мұқашев

                                                                                         

 

                                                                                                 Қосымша

                                                                                             әкімнің өкіміне

                                                                                       Украин ауылдық округі

                                                                              2026 жылғы 26 мамырдағы № 20-ө  

 

 

 

Жұмыс тобының құрамы

коммуналдық мемлекеттік мекеменің сыбайлас жемқорлық

тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін

«Украин ауылдық округі әкімінің аппараты»

 

 

Иванова Нина Ивановна

жұмыс тобының басшысы, ауылдық округ                                

әкімінің аппаратының бас маманы

 

Жақыпова Назира Асқарқызы

жұмыс тобының хатшысы, ауылдық округ                                 

әкімінің   аппаратының бас маманы

                       

Жұмыс тобының мүшелері:

 

Тлеген Ермұхан Оміржанұлы

ауылдық округ                                 

әкімінің   аппаратының бас маманы;   

                                           

Шилова Татьяна Александровна

ауылдық округ әкімінің   аппаратының бас маманы;                                               

Бекенов Болатбек Мендыбайұлы

жұртшылық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша).

 

       

 

 

        

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 мая 2026