Сырымбет ауылдық округі бойынша 2025 жылғы 4-тоқсанда мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы ақпарат
«Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 5 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу».
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бақылау жүргізуге жауапты тұлға тағайындалған, ай сайын ішкі бақылау жүргізіледі, мемлекеттік қызметтерді көрсету журналдары жүргізіледі.
Қызметтер Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтер белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, мереке және демалыс күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін күн сайын көрсетіледі.
2025 жылдың 4-тоқсанында 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» – 7 қызмет.
Электрондық түрде – 7 қызмет, қағаз түрінде – 0 қызмет көрсетілді.
Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
Әкім аппаратында мемлекеттік қызметтерді алу үшін «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған. Ол арқылы «Электрондық үкімет» порталы арқылы, ЭЦҚ көмегімен ХҚКО-ға бармай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға болады.
Күтуге арналған арнайы орындар қарастырылған, сондай-ақ онда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізбесі, қажетті құжаттар тізімі және оларды толтыру үлгілері бар ақпараттық материалдар орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде бюрократиялық кедергілер мен әуре-сарсаңға жол берілмейді. Қызмет көрсететін маман ұсынылған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет өтініш берген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі, белгіленген мерзімдердің бұзылуына жол берілмейді.
Бүгінгі күнге мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
Ауылдық округ маманы тарапынан 104 дана брошюра таратылды.
Ауылдық округ әкімі М. Бекенов