Айыртау ауданының әкімімен халық кездесуінде көтерілген
проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
№ |
Көтерілген мәселе |
Шешу жолдары |
Шешу мерзімі |
Жауапты орындаушы |
Орындалу мәртебесі |
|
Сырымбет ауылы, Сырымбет ауылдық округі |
|||||
|
1 |
Сырымбет ауылдық дәрігерлік амбулаториясы ғимаратын жөндеу мәселесін пысықтау |
2026 жылға Сырымбет ДА ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған |
2026 жыл |
Сырымбет ауылдық округінің әкімі, Айыртау аудандық ауруханасы |
Жұмыс жүргізілуде |
|
2 |
Ауылдық округтің қысқы кезеңдегі жолдарды күтіп ұстау мәселесін бақылауда ұстау |
Ағымдағы жылдағы келісімшарт бойынша 138,0 мың теңге көлемінде қаражат қалды. Сонымен қатар округтің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен меморандумдар жасалды. Аталған мәселе қысқы кезеңде бақылауда болды |
2024–2025 жылдардың қысқы кезеңі |
Сырымбет ауылдық округінің әкімі |
Орындалды |
|
3 |
Аудандық жолдан Сулықөл ауылына дейінгі жолды профильдеу жөнінде ұсыныс енгізу |
Жолдарды жазғы күтіп ұстау шеңберінде аудандық жолдан Сулықөл ауылына дейінгі жолды профильдеу жоспарланған |
2025 жыл |
Сырымбет ауылдық округінің әкімі |
Орындалды |
|
4 |
Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізу |
Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізуге сметалық есеп әзірленді |
2025 жыл |
Сырымбет ауылдық округінің әкімі |
Жұмыс жүргізілуде |
|
Даукара ауылы, Сырымбет ауылдық округі |
|||||
|
5 |
Даукара ауылындағы Наурыз көшесіне шектеу жол белгісін орнату |
2025 жылға жол белгісін орнатуға қаражат жоспарланған |
2025 жыл |
Сырымбет ауылдық округінің әкімі |
Орындалды |
|
Қарақамыс ауылы, Сырымбет ауылдық округі |
|||||
|
6 |
Көшелерді үздіксіз жарықтандыру мәселесін бақылауда ұстау |
Ауылдық округтің барлық ауылдарында көшелерді жарықтандыруға техникалық қызмет көрсету тұрақты негізде жүргізіледі |
2024–2025 жылдар |
Сырымбет ауылдық округінің әкімі |
Орындалды |
|
7 |
Қарақамыс ауылындағы ауылішілік жолдарға қиыршық тас төсеу |
58 547,540 мың теңге сомасына ЖСҚ бар. Қаражат бөлу қажет |
2025 жыл |
Сырымбет ауылдық округінің әкімі |
Жұмыс жүргізілуде |
|
8 |
Қарақамыс ауылында балалар ойын алаңын орнату |
4 075,353 мың теңге сомасына ЖСҚ бар. Қаражат бөлу қажет |
2025 жыл |
Сырымбет ауылдық округінің әкімі |
Жұмыс жүргізілуде |
|
9 |
Ауылдық округтегі ҚТҚ полигондарында қалдықтарды үйінділеуді бақылауда ұстау |
Даукара және Қарақамыс ауылдарындағы қоқыс полигондарының қалдықтарын үйінділеу және тегістеу жұмыстары жүргізілді, рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды |
2024–2025 жылдар |
Сырымбет ауылдық округінің әкімі |
Орындалды |
|
Егіндіағаш ауылы, Сырымбет ауылдық округі |
|||||
|
10 |
Егіндіағаш ауылындағы көшелердегі электр бағаналарын (төмен кернеу) тексеру қажет |
Сырымбет ауылдық округінің әкімдігі Айыртау РЭС-іне электр бағаналарын тексеру мәселесі бойынша хат жолдады. Қазіргі уақытта КТП трансформаторына жөндеу жұмыстары жүргізілді, кернеу қалыпты. Жазғы кезеңде электр бағаналарын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі |
2025 жыл |
Сырымбет ауылдық округінің әкімдігі, Айыртау РЭС директоры |
Орындалды |
|
11 |
Егіндіағаш ауылындағы мектепті және жылу жүйесін жөндеу мәселесін қарау |
Айыртау аудандық білім бөлімі Егіндіағаш бастауыш мектебінің ғимаратын жөндеу мәселесін қарауды жоспарлап отыр. Қаржыландыру қажет |
2025 жыл |
Аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, білім бөлімінің м.а. басшысы |
Жұмыс жүргізілуде |