2025 жылдың 3-тоқсаны бойынша Сырымбет ауылдық округі бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ақпарат

2025 жылдың 3-тоқсаны бойынша Сырымбет ауылдық округі

 бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ақпарат

«Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру».
  2. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу».
  3. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру».
  4. «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату».
  5. «Жер учаскесін алуға кезекке қою».

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер электрондық және қағаз түрінде көрсетіледі. Электрондық түрде «Е-лицензиялау» порталы арқылы «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» және «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» мемлекеттік қызметтері көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бақылау жүргізу бойынша жауапты тұлға тағайындалған. Ай сайын ішкі бақылау жүргізіледі, мемлекеттік қызметтерді көрсету журналдары жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтер дүйсенбі мен жұма аралығында, мереке және демалыс күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын көрсетіледі.

2025 жылдың 3-тоқсанында барлығы 5 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» – 5 қызмет.

Электрондық түрде – 5 қызмет, қағаз түрінде – 0 қызмет көрсетілді.

Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін әкім аппаратының ғимаратында «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған. Ол арқылы «Электрондық үкімет» порталының көмегімен ХҚКО-ға бармай-ақ, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға болады.

Келушілер үшін арнайы күту орындары қарастырылған. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтердің тізбесі, қажетті құжаттар тізімі және оларды толтыру үлгілері көрсетілген ақпараттық материалдар орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында бюрократия мен созбалаңдыққа жол берілмейді. Қызмет көрсететін маман ұсынылған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызмет өтініш берілген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі, белгіленген мерзімдердің бұзылуына жол берілмейді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша қазіргі уақытқа дейін шағымдар түскен жоқ.

Ауылдық округтің маманы тарапынан 104 дана ақпараттық брошюра таратылды.

Ауылдық округ әкімі                                        М. Бекенов

 

Дата публикации
24 октября 2025