Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының «Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 2025 жылғы 2 тоқсандағы қызмет туралы есеп

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының
«Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің

мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
2025 жылғы 2 тоқсандағы қызмет туралы есеп

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11-бабына сәйкес ауылдық округ әкімі 5 мемлекеттік қызметті қабылдау және олардың нәтижелерін беру жұмыстарын жүзеге асырады:

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»;
  2. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»;
  3. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»;
  4. «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп төлеу арқылы сату»;
  5. «Жер учаскесін алуға кезекке қою».

Көрсетілетін бес мемлекеттік қызметтің барлығы автоматтандырылған.

Мемлекеттік қызметтер белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа күндері күн сайын көрсетіледі. Азаматтарды қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

2025 жылғы 2 тоқсанда Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппаратымен 0 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 0 мемлекеттік қызмет;
  • «Электрондық үкімет – Е-лицензиялау» порталы арқылы – 0 мемлекеттік қызмет.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша халыққа қолжетімділікті қамтамасыз ету және ақпараттандыру мақсатында КГУ «Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты» ғимаратында көрнекі ақпараттар орналастырылған стендтер бар. Стендтерде мемлекеттік қызметтерге қатысты заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, өтініш үлгілері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген.

Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі жұмыс істейді. Аталған бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, сондай-ақ мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызметтерге қатысты заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер орналастырылған.

Азаматтарды мемлекеттік қызметтерді алу кезінде электрондық үкімет порталын белсенді пайдалануға тарту мақсатында Сырымбет ауылдық округінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Мұнда халық электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады.

Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет алушылар арасында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ақпараттық брошюралар тарату жұмыстары жүргізіледі. 2025 жылғы 2 тоқсанда мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 115 брошюра таратылды.

Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтердің уақтылы және сапалы көрсетілуіне бақылау жүргізіледі.

2025 жылғы 2 тоқсанда мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппаратының атына «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша шағымдар түскен жоқ.

Қызмет көрсетушілер көрсеткен мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтерді қоспағанда) жергілікті атқарушы органдардың басшыларының атына қағаз түрінде негізделген шағымдар түскен жоқ.

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 июля 2025