ХАТТАМА
Сырымбет ауылдық округі әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есепті жария талқылау жөнінде
Сырымбет ауылы 2025 жылғы 28 сәуір
Төрағалық етті:
Ауылдық округ әкімі Бекенов М.Ж.
Қатысқандар: ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты маманы, округтің бас мамандары, округ тұрғындары.
КҮН ТӘРТІБІ
Сырымбет ауылдық округі әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есеп.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті ауылдық округ әкімі Бекенов М.Ж. оқып таныстырды.
Сұрақтар, ұсыныстар бар ма?
Сұрақтар мен ұсыныстар түскен жоқ.
Осы есепті талқылау қорытындысы бойынша төмендегідей ұсынымдар берілді:
- мемлекеттік қызметтерді қолданыстағы заңнамаға, қағидалар мен стандарттарға қатаң сәйкес көрсету;
- «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізу;
- мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары мен стандарттарына сәйкес қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
- жылына кемінде бір рет халықпен есептерді жария талқылауды өткізу;
- өтініштерді сапалы қарауды, өтінімдерді уақтылы тіркеуді және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде белгіленген мерзімдер мен жұмыс уақытының кестесін сақтауды қамтамасыз ету.
Осы хаттаманың орындалуын бақылау мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелеріне жауапты Сырымбет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Дюсембинов Н.К.-ға жүктелсін.
Сырымбет ауылдық округінің әкімі М. Бекенов
Бас маман Н. Дюсембинов