Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының
«Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
2025 жылғы 1 тоқсандағы қызмет туралы есеп
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11-бабына сәйкес ауылдық округ әкімі 5 мемлекеттік қызметті қабылдау және олардың нәтижелерін беру жұмыстарын жүзеге асырады:
Көрсетілетін бес мемлекеттік қызметтің барлығы автоматтандырылған.
Мемлекеттік қызметтер белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа күндері күн сайын көрсетіледі. Азаматтарды қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
2025 жылдың 1 тоқсанында Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты 1 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша халыққа қолжетімділікті қамтамасыз ету және ақпараттандыру мақсатында КГУ «Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты» ғимаратында көрнекі ақпараттар орналастырылған стендтер бар. Стендтерде мемлекеттік қызметтерге қатысты заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, өтініш үлгілері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген.
Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі жұмыс істейді. Аталған бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, сондай-ақ мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызметтерге қатысты заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер орналастырылған.
Азаматтарды мемлекеттік қызметтерді алу кезінде электрондық үкімет порталын белсенді пайдалануға тарту мақсатында Сырымбет ауылдық округінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Мұнда халық электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады.
Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет алушылар арасында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ақпараттық брошюралар тарату жұмыстары жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 97 брошюра таратылды.
Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметтердің уақтылы және сапалы көрсетілуіне бақылау жүргізіледі.
2025 жылғы 1 тоқсанда мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес, Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппаратының атына «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша шағымдар түскен жоқ.
Қызмет көрсетушілер көрсеткен мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтерді қоспағанда) жергілікті атқарушы органдардың басшыларының атына қағаз түрінде негізделген шағымдар түскен жоқ.