«Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді көрсету
бағыты туралы есеп
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес ауылдық округ әкімінің 2024 жылы 5 мемлекеттік қызмет түрін көрсетті:
Мемлекеттік қызметтер мереке және демалыс күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес күн сайын көрсетілді. Азаматтарды қабылдау кестесін сай жүргізілді.
Әкімдік ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсетілді, онда тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдай жасалған және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізімі, өтініш үлгілері, регламенттер мен стандарттар көрсетілген ақпараттық материалдар орналастырылды. Стендте мемлекеттік қызметтерді көрсету кезеңі туралы барлық толық және сенімді ақпарат бар. Жыл бойына заңнаманы және қызмет алушылардың құқықтарын түсіндіру мақсатында брошюралар, парақшалар, буклеттер таратылды.
Көрсетілетін бес мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылған.
2024 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылмаған.
2024 жылы 16 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
Әкім аппаратында «Cоnnection Point» деп аталатын өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Интернет желісіне қолжетімділігі жоқ ауылдық округ тұрғындары «Cоnnection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде ала алады (қажет болған жағдайда ауылдық мамандары көмек көрсетеді), 79 электронды қолтаңбаға алынды және келесі қызметтер алынды (ең сұранысқа ие): электрондық қолтаңба алу, психикалық денсаулық орталығынан, «наркологиядан», сотталмағандығы туралы ақпарат алу.
Ауылдық округ әкімі аппаратымен мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жоспарына сәйкес жыл ішінде Facebook әлеуметтік желісінде 19 ақпарат жарияланды.
Сырымбет ауылдық округі әкімі аппаратының ресми сайтында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер парағы ашылды, онда:
Ауылдық округ мамандары тұрғындарға (азаматтармен жеке, әлеуметтік желілерде) қызметтердің көпшілігін электронды түрде алу мүмкіндіктерін ұдайы түсіндіріп, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында оқытып, практикалық көмек көрсетеді, 298 ақпараттық парақшалар мен брошюралар таратылды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты алушылардың
шағымдары туралы ақпарат
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау қорытындысы бойынша 2024 жыл ішінде Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппаратына www.1414 kz электрондық пошта мекенжайы бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
Жергілікті атқарушы органдар басшыларының атына қағаз түрінде көрсетілетін қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетіндерді қоспағанда) көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына дәлелді шағымдар түскен жоқ.