Сыбайлас жемқорлықтәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Сыбайлас жемқорлықтәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізу туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы2-тармағына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2-тармағына сәйкес:

  1. 2026 жылғы 03 маусым мен 30 маусым аралығында «Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

         - талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

         - талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі 2025 жылғы 01 қаңтардан 2025 жылғы 31желтоқсанға дейін.
  3. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

М. Бекенов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сырымбет ауылдық округі әкімінің

                                                                          2026 жылғы 25 мамырдағы № 36-ө

                                                                                         өкіміне қосымша

 

 

 

«Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінде

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы

 

 

 

ГүлмираСейпешқызы

Тайжігітова

жұмыс тобының басшысы, ауылдық округі

әкімі аппаратының бас маманы

 

НұрболҚадырбайұлы

Дүйсембинов

жұмыс тобының хатшысы, ауылдық округі                                

әкімі аппаратының бас маманы

 

Жұмыс тобының мүшелері:

 

Динара Сайранқызы

Сұлтанғазина

ауылдық округі                                

әкімі аппаратының бас маманы

 

ДаринаЖеңісқызы

Дүйсембинова

ауылдық округі                                

әкімі аппаратының бас маманы

 

 

Уәлихан Неғметұлы

Махамбетов

қоғамдық кеңестің төрағасы

(келісім бойынша)

 

 

 

 

 

 

 

 



Дата публикации
25 мая 2026