Лобанов ауылдық округі бойынша проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-шаралар жоспары
| № | Проблемалық мәселелер | Шешу жолдары |
|---|---|---|
| Лобаново ауылы, Лобанов ауылдық округі | ||
| 1 | Лобаново ауылы Абай көшесі бойына қоршау орнату | Абай көшесі бойына ұзындығы 6 400 метр болатын қоршау орнату үшін жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеуге қаржы қаражатын бөлу қажет |
| 2 | Лобаново ауылындағы клубты қалпына келтіру | Сәулет-сметалық жобаны әзірлеу үшін қаржы қаражатын бөлу қажет |
| 3 | Сабит Мұқанов, Мағжан Жұмабаев көшелерін одан әрі жарықтандыруды жалғастыру | Көшелерді жарықтандыруға 10,6 млн теңге көлемінде қаржы бөлу қажет (ЖСҚ бар) |
| 4 | Лобаново ауылындағы елді мекен ішіндегі жолдарды ағымдағы жөндеу | 52,2 млн теңге көлемінде қаржы бөлу қажет |
| 5 | Сорғы станциясына ағымдағы жөндеу жүргізу | 17 300,0 мың теңге сомасына ЖСҚ әзірленген, қаржыландыру қажет |
| 6 | Лобанов орта мектебіндегі жылу жүйесін ауыстыру және электр желілерінің тозуы | Қаржыландыру қажет |
Әлжан ауылы, Лобанов ауылдық округі |
1 | Ұзындығы 6,5 км жол учаскесін жөндеу қажет | «Салмар Агро А» ЖШС тарапынан ЖСҚ әзірленген. Қаржыландыру қажет |
2 | Медицина қызметкері қажет | Лобанов дәрігерлік амбулаториясының фельдшеріне 0,25 ставка, айына 1 рет |
Шалқар ауылы, Лобанов ауылдық округі |
– | Елді мекен ішіндегі жолдарды ағымдағы жөндеу | Ұзындығы 5 000 м елді мекен ішіндегі жолдарды ағымдағы жөндеуге 93 738,8 мың теңге сомасына ЖСҚ әзірленген. Қаржыландыру қажет |
– | Мира, Родниковая көшелері бойынша жарықтандыру орнату | 25 тірекке арналған жарықтандыру орнатуға 7 091,1 мың теңге сомасына ЖСҚ әзірленген. Қаржыландыру қажет |
– | Автокөліктердің жылдамдық режимін бақылау камераларын орнату | Қаржыландыру қажет |