Тұрақты кездесулер

2026 жылғы 24 сәуірде Лобанов ауылдық округінде бекітілген жоспарға сәйкес Ауылдық округ әкімі С. Б. Қошқарбаевтың Әлжан ауылының тұрғындарымен тұрақты кездесуі өтті.

Кездесу барысында үй жануарларын ұстау, көшелерді жарықтандыру, кентішілік жолдарды жөндеу және себу , ауылды абаттандыру, медициналық қызмет көрсету, сумен жабдықтау ережелері мәселелері көтерілді.

Ауылдық округ әкімі келіп түскен мәселелер бойынша түсініктеме беріп, айтылған мәселелерді бақылауға алды.

Дата публикации
29 апреля 2026