11-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңы
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды-ҚР 03.12.15 № 433-V Заңымен (стар қараңыз. ред.)
1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыруды, қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
2-тармақшаға ҚР 25.11.19 ж. № 272-VI Заңына сәйкес өзгерістер енгізілді (стар қараңыз. ред.)
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды-ҚР 03.12.15 № 433-V Заңымен (стар қараңыз. ред.)
3) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;
4) мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін қарайды;
5) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды-ҚР 03.12.15 № 433-V Заңымен (стар қараңыз. 27.06.22 ж. № 129-VII ҚР Заңы (стар қараңыз. ред.)
6) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды-ҚР 14.07.22 № 141-VII Заңымен (стар қараңыз. ред.)
7) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің реинжинирингін жүзеге асырады;
8) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
9-тармақшаға өзгеріс енгізілді-ҚР 06.02.23 ж. № 194-VII Заңымен (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (стар қараңыз. ред.)
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметтер көрсетуді автоматтандыру процесін бағалауды жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды-ҚР 17.11.15 № 408-V Заңымен (2016 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (стар қараңыз. ред.)
10) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қол жеткізуді ұсынады;
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды-ҚР 24.11.15 № 419-V Заңымен (стар қараңыз. ред.)
11) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына ұсынады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізеді;
13-тармақшаға ҚР 25.11.19 ж. № 272-VI Заңына сәйкес өзгерістер енгізілді (стар қараңыз. ред.)
13) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз етеді;
14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.