2025 жылы 3 тоқсан бойынша
«Казанка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі есебі
Мемлекеттік қызметтердің сапасы – біздің ортақ мақсатымыз
Жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге барлығының бірдей қолжетімділігі, Мемлекет басшысының мемлекеттік органдардың алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі.
Ауылдық округ әкімінің аппараты тұрақты түрде жеке және заңды тұлғаларға сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсету, оларды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы немесе «веб-портал» арқылы алу мүмкіндіктерін түсіндіру бойынша жұмыс жүргізуде.
«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің Казанка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызметтің 5 (бес) түрін көрсетеді. Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі:
2025 жылы 3 тоқсан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ. 2025 жылы 3 тоқсан бойынша (Е-лицензиялау бағдарламасы бойынша) мемлекеттік қызметтер көрсетілген жоқ.
Қызмет алу процесін жеңілдету, облыс орталығына баруды болдырмау мақсатында Казанка ауылдық округі әкімінің аппаратында «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған, оның көмегімен әрбір азамат электронды қызметті өз бетінше немесе ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерінің көмегімен алады. Интернет желісіне қолжетімділігі жоқ ауылдық округ тұрғындары өз бетінше ЭСҚ тапсырыс беріп, мемлекеттік қызметті электронды түрде алады. «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы, 36 - электрондық мемлекеттік қызмет алынды (ең көп сұранысқа ие: ЭСҚ, жылжымайтын мүлікке анықтама алу және тұрғылықты жері бойынша тіркеу).
Ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жоспарына сәйкес жыл ішінде Facebook әлеуметтік желілері бойнша 6 жарияланым орналастырылды.
Мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Казанка ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы ақпараттық стенд, осы тақырып бойынша буклеттер, брошюралар бар. Барлығы таратылған 110 брошюралар.
Қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы барлық ақпарат белгіленген талаптарға сәйкес ресми стендте орналастырылған және Казанка ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында халыққа қолжетімді жерде орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсетуге мүгедектер жүгінген кезде әкім аппаратының мамандары өтініш берушіден құжаттарды ыңғайлы қабылдауға жағдай жасайды. Тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізілуде. Көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.
Ауылдық округ әкімімен ауылдық округ тұрғындарына «электронды үкімет» порталы: egov.kz мемлекеттік қызметтерді одан әрі алу мүмкіндігі үшін электрондық цифрлық қолтаңба алу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Сондай-ақ ресми интернет-ресурста көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты қамтитын «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі бар.
«Казанка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-ге хабарласу қажет. Қазақстан облысы Айыртау ауданы Казанка ауылы Новая көшесі 24, телефон бойынша: 8 (715- 33) 55148.