«Казанка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы

«Айыртау ауданы әкімінің аппараты» КММ, 150100, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл селосы, Ш.Уәлиханов көшесі 44,  анықтама үшін телефон 8(71533) 21483, факс 8(71533) 22646, электрондық мекенжай:d.baigazzieva@sko.gov.kz, рұқсат етілген файлдар өлшемі: 20, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуүшінжалпы конкурсжариялайды:

«Казанка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы, мемлекеттікәкімшіліклауазымыныңсанатыЕ-G-3. Лауазымдықайлықақысыеңбекеткенжылынақарай195 549теңгеден 224 624 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Үй жануарлары мен құстар бойынша шаруашылық кітәптарына есепке алуды жүзеге асырады. Аудандық статистика басқармасына есептерді ұсынады. Журналдар мен база негізінде қосалқы шаруашылық туралы анықтама беру.

Егістік және егін жинау жұмыстары бойынша есеп жүргізу.

Мал дәрігер – лицензиаттармен эпизиоотикаға қарсы шаралар жоспарының орындалуын бақылау жасау.

Жануаруарлар иелерімен, ауылшаруашылық тауарөндіру-шілерімен, шаруа (фермер) қожалықтарымен ветеринария саласында Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарының орындалуына бақылау.

Ауылдық округ төлқұжатын даярлау. Экономиканың нақты секторында орташа айлық жалақы көлемін сараптау. Ауданның өнеркәсіптік кәсіпорындары бойынша жұмыстарды жүзеге асыру және қажетті ақпаратты жоғарғы тұрған органдарға жеткізу. Жоғарғы тұрған органдарға ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық  дамуы жөніндегі ақпаратты даярлау. Ауылдық округ дамуының картасы құжаттарын даярлау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру. Ауыл шаруашылық мәселелері бойынша ауылдық округ тұрғындары арасында ағартушылық жұмыстарды жүргізеді.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы заңнаманы түсіндіру және насихаттау.

Ауылдық округінде әлеуметтік қызмет көрсету мәселелрі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау.

Ауылдық округте жастар саясатын жүзеге асыру мәселесі  бойынша есептерді аудан әкімі аппаратына, ішкі саясат бөліміне, жастар бастамалары орталығына ұсыну.

Салық төлеушілердің барлық категорияларында жыл сайын есеп жүргізу, салықтың келесі түрлері бойынша жеке тұлғаларға төлем хабарламаларын есептеп, тапсыру.

Бюджет кірісіне қабылданған салық төлемдері бойынша қолдағы бар ақшаларды белгіленген тәртіпте және мерзімде тапсыру. Берілген түбіртектердің кітәп бланктеріне қатаң есеп жүргізу туралы белгіленген тәртіпте есептерді құрастыруды және ұсынуды, есепке алуды жүргізу.

Қазақстан Республикасының заңнамаларында және ауылдық округ аппаратының ережесінде қарастырылған өзге де функцияларды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (есеп және аудит, құқықтану, экономика, қаржы), жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (математика және статистика),  ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар), қызметтер (әлеуметтік жұмыс), ауыл шаруашылығы және биоресурстар (мал шаруашылығы, агрономия), ветеринария (ветеринария) бейіні бойынша, немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: бизнес, басқару және құқық (банк және сақтандыру ісі, құқық, бухгалтерлік іс және салық салу), жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика (техник-статистик), ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (деректер базасын және ақпараттық желілерді құру және оларды басқару), ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария (зоотехния) бейіндері бойынша білімдер рұқсат етіледі.

           жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалары негізінде өткізіледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

 "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Айыртау ауданы әкімінің аппараты» КММ құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.    

Конкурс қатысушылардың дәйексіз мәліметтерді ұсынуы оларды әңгімелесуге жіберуге бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап  3 жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің аппараты ғимаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.

Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі www.airtau.sko.gov.kzжәнемемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органыныңgov.egov.kz. интернет-ресурстарындажалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Казанка ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы
Дата публикации
26 июня 2024