Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан 2026 жылдың 3-тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер

Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан 2026 жылдың 3-тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер

 

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, сондай-ақ оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Ауылдық округ әкімі 2026 жылдың 3 тоқсанында 5 мемлекеттік қызметті қабылдау және олардың нәтижелерін беруді жүзеге асырды.

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру» – 0 қызмет көрсетілді;
  2. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» – 0 қызмет көрсетілді;
  3. «Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» – 0 қызмет көрсетілді;
  4. «Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп төлеу арқылы сату» – 0 қызмет көрсетілді;
  5. «Жер учаскесін алу кезегіне қою» – 0 қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, мереке және демалыс күндерін қоспағанда, күн сайын көрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер әкімдік ғимаратында көрсетілді. Ғимаратта қызмет алушыларға қызмет көрсету үшін қажетті жағдайлар жасалған және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі, өтініш үлгілері, регламенттер мен стандарттар туралы ақпараттық материалдар орналастырылған.

Ақпараттық стендте мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсетілу кезеңдері туралы толық әрі нақты ақпарат орналастырылған.

Жыл бойы заңнаманы және қызмет алушылардың құқықтарын түсіндіру мақсатында брошюралар, парақшалар және буклеттер таратылды.

Көрсетілетін бес мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылған.

 

2026 жылдың 3-тоқсанында мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.

 

 

 

Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан 2026 жылдың 3-тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер
Дата публикации
22 сентября 2026