Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесімен 2026 жылдың 2-тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, сондай-ақ оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Ауылдық округ әкімі 2026 жылдың 2-тоқсанында 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметті қабылдау және нәтижелерін беру жұмыстарын жүзеге асырды:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес мереке және демалыс күндерін қоспағанда, күн сайын көрсетілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер әкімдік ғимаратында көрсетілді. Ғимаратта көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін қажетті жағдайлар жасалған және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі, өтініш үлгілері, регламенттері мен стандарттары туралы ақпараттық материалдар орналастырылған.
Ақпараттық стендте мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсетілу барысы туралы толық әрі нақты ақпарат орналастырылған. Жыл бойы заңнама талаптарын және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын түсіндіру мақсатында брошюралар, парақшалар және буклеттер таратылды.
Бес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны автоматтандырылған.
2026 жылдың 2-тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.