Қызмет туралы ақпарат «Қаратал ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 2026 жылғы 2 тоқсанда мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, 2021 жылғы 25 қарашадағы № 407 өзгерістермен енгізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, 2026 жылы НҚ ауылдық округінің әкімі аппараты тарапынан 5 мемлекеттік қызметті қабылдау және олардың нәтижелерін беру жүзеге асырылды:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Қаратал, Шукірлік, Высокое, Ботай, Қосқөл ауылдық елді мекендерінде тұратын азаматтарға көрсетілді.
Барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тегін, қағаз түрінде көрсетілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес мереке және демалыс күндерін қоспағанда, күн сайын көрсетілді. Азаматтарды қабылдау кезектілік тәртібімен жүзеге асырылды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ауылдық округ әкімінің ғимаратында көрсетілді. Ғимаратта көрсетілетін қызметтерді алушыларға қызмет көрсету үшін қажетті жағдайлар жасалған және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі, өтініш үлгілері, регламенттер мен стандарттар туралы ақпараттық материалдар орналастырылған. Ақпараттық стендте мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсетілу кезеңдері туралы толық әрі нақты ақпарат орналастырылған.
Жыл бойы заңнама талаптары мен көрсетілетін қызметтерді алушылардың құқықтарын түсіндіру мақсатында брошюралар, парақшалар және буклеттер таратылды. Барлығы 155 брошюра таратылды.
Көрсетілетін 5 мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
2026 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімдері бұзылған жоқ.
2026 жылы «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 5 қызмет көрсетілді.
Әкім аппараты ғимаратында «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған. Интернет желісіне қолжетімділігі жоқ ауылдық округ тұрғындары ЭЦҚ-ны өз бетінше тапсырыс беріп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық түрде ала алады.
«Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 2 электрондық мемлекеттік қызмет алынды. Ең көп сұранысқа ие қызмет – электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жоспарына сәйкес, ауылдық округ әкімі аппараты 2-тоқсан ішінде Facebook әлеуметтік желісінде 3 жарияланым орналастырды.
Жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді әрі сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен, оның ішінде электрондық форматтағы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жалғастырылатын болады.
Қаратал ауылдық округ әкімі Ж.Аитқожин