Құқық бұзушылық профилактикасы туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 245-VIII ҚРЗ
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 85-б. қараңыз.
Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдарының және азаматтарының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
1-БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖҮЙЕСІ
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік бейімдеу – қоғамдағы мінез-құлық нормалары мен қағидаларын қабылдауға және сақтауға қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын шаралар кешені;
2) әлеуметтік оңалту – өмірде қиын жағдайда қалған адамға құқықтық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық көмек көрсетуге бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын шаралар кешені, сондай-ақ психологиялық және (немесе) моральдық зардапты еңсеру процесі;
3) баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу – педагогикалық баса назар аударуды талап ететін білім алушыларды ерте анықтауға және оларға уақтылы қолдау көрсетуге бағытталған жеке әлеуметтік және психологиялық-педогогикалық шаралар кешені;
4) заңға бағынатын мінез-құлық – адамның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мінез-құлық нормаларына сәйкес келетін саналы мінез-құлқы;
5) зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері – зорлық-зомбылықтан жәбір көрген балаларға жан-жақты көмек көрсетуге арналған кабинеттер;
6) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу – балаға қоғамда қалыптасқан және оның рухани, дене бітімі, адамгершілік, психикалық, мәдени, зияткерлік жағынан дамуына және оны әлеуметтік ортаның теріс әсерінен қорғауға бағытталған мінез-құлық қағидалары мен нормаларын дарыту бойынша ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жұмыскерлері тарапынан әсер етудің үздіксіз процесі;
7) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат мінез-құлықтың алдын алуға, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту немесе күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындамайтын не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін олардың ата-аналарымен немесе басқа да заңды өкілдерімен, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық жасауға немесе қоғамға жат мінез-құлық танытуға тартып жүрген өзге де адамдармен жеке профилактика жөніндегі шаралармен бірге жиынтықта жүзеге асырылатын құқықтық, педагогикалық және өзге де шаралар кешені;
8) көмек көрсету жөніндегі ұйымдар – осы Заңға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер және (немесе) көмек көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
9) күш көрсету – дене күшін қолдану және дене мүшесін ауырту арқылы денсаулыққа қасақана зиян келтіру;
10) қадағалаусыз қалған бала – ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу жөніндегі міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан не оның үйден немесе бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз бетімен кетуі салдарынан мінез-құлқына бақылау жоқ кәмелетке толмаған бала;
11) қадағалаусыз қалу – кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауына ықпал ететін, олардың мінез-құлқы мен өмір салтына тиісінше бақылаудың жоқтығымен сипатталатын әлеуметтік құбылыс;
12) қоғамға жат мінез-құлық – жеке тұлғаның жалпы қабылданған мінез-құлық пен мораль нормаларын, басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүддесін бұзатын, оның ішінде әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа алып келмейтін әрекеттері;
13) қоғамдық көмекші – құқық бұзушылық профилактикасы субъектілеріне ерікті түрде жәрдем көрсету арқылы құқық бұзушылық профилактикасына және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азамат;
14) қоғамдық орын – тізбесі осы Заңда көзделген, халықтың пайдалануына, сондай-ақ бұқаралық іс-шараларды өткізуге, азаматтарға қызмет көрсетуге және олардың демалуына арналған, елді мекендер шегіндегі немесе олардан тыс жерлердегі ортақ пайдаланылатын орын;
15) құқық бұзушылық – Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа алып келетін құқыққа қайшы іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсiздiк);
16) құқық бұзушылық жасауға бейім адам – өзінің қоғамға жат мінез-құлқының қауіптілігіне байланысты ықтимал құқық бұзушылық жасау қауіп-қатері бар не құқық бұзушылық жасаған, профилактикалық есепте тұрған жеке тұлға;
17) құқық бұзушылық профилактикасы – құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және нығайтуға бағытталған, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және өзге де шаралар кешені;
18) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шаралар – құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жалпы, жеке және арнаулы шаралар;
19) құқық бұзушылық профилактикасы жүйесі – құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің, түрлері мен шараларының жиынтығы, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіру және мониторингтеу;
20) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері – құқық бұзушылық профилактикасын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдары мен азаматтары;
21) құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы – нақты адамның немесе адамдар тобының құқық бұзушылықтан жәбір көру қауіп-қатерін азайтуға бағытталған профилактикалық шараларды қолдану бойынша құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметі;
22) құқықтық тәрбие – азаматтардың заңға бағынатын мінез-құлқын, құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, білім беру сипатындағы, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені;
23) отбасылық-тұрмыстық қатынастар – ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар;
24) панасыз қалған бала – тұрғылықты жері жоқ қадағалаусыз қалған бала;
25) психологиялық қысым жасау – қорқыту, қорлау, бопсалау арқылы, немесе құқық бұзушылықты немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене бітімі және тұлғалық жағынан дамуының бұзылуына әкелетін іс-әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы адамның психикасына қасақана әсер ету, ар-намысы мен қадір-қасиетін кемсіту;
26) сексуалдық зорлық-зомбылық – адамның жыныстық тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қол сұғатын қасақана құқыққа қайшы әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер;
27) тұрмыстық зорлық-зомбылық – бір адамның отбасылық-тұрмыстық қатынастар аясында басқа адамға (адамдарға) қатысты тән азабын және (немесе) психикалық азап шектіретін немесе сондай қатері бар қасақана құқыққа қайшы іс-әрекеті (әрекеті немесе әрекетсіздігі);
28) экономикалық қысым жасау – адамды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.
2-бап. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасы
3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары мен қағидаттары
1) заңдылық;
2) жариялылық;
3) ғылыми негізділік;
4) құпиялылық;
5) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі алдын алу шараларының жазалау шараларынан басымдығы;
6) кешенділік пен жүйелілік;
7) әрбір адамға және азаматқа қолданатын жеке тәсіл;
8) ізгілік;
9) отбасын қолдау және сақтау;
10) адамға және азаматқа тән азабын және (немесе) психикалық азап шектіруге жол бермеу.
4-бап. Осы Заңның негізгі міндеттері
Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүддесін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғауды қамтамасыз ету;
2) құқық бұзушылық деңгейін төмендету;
3) құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу;
4) құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру;
5) жәбірленушілер мен құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды әлеуметтік оңалту және бейімдеу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету;
6) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылық профилактикасына азаматтардың белсенді түрде қатысуын арттыру;
7) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру;
8) құқық бұзушылық профилактикасы жүйесін жетілдіру, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу және жою;
9) азаматтардың дене бітімі, зияткерлік, рухани және адамгершілік жағынан дамуына жәрдемдесу, қоғам мүддесімен, Қазақстан халқының дәстүрлерімен, ұлттық және әлемдік мәдениет жетістіктерімен ұштастырылған патриотизмге, азаматтыққа және бейбітсүйгіштікке тәрбиелеу;
10) баса педагогикалық назар аударуды талап ететін балаларды әлеуметтік оңалту және кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету;
11) құқық бұзушылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактика жөніндегі шараларды жүргізу үшін құқықтық негіздерді қалыптастыру;
12) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің кәмелетке толмаған баланың ата-анасымен және басқа да заңды өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауы;
13) қызметі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жөніндегі шараларды жүзеге асыруға байланысты коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де шаралар арқылы мемлекеттік қолдау.
2-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ СУБЪЕКТІЛЕРІ
5-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті
1) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуге қатысады және оны іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептерді және жағдайларды талдайды, анықтайды, оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;
3) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шараларды қолданады;
4) уәкілетті мемлекеттік органдарға құқық бұзушылық профилактикасы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) әлеуметтік бейімдеу және әлеуметтік оңалту жөніндегі шараларды қабылдайды;
6) құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы жөніндегі шараларды қолданады;
7) саламатты өмір салтын қалыптастыруға қатысады;
8) құқық бұзушылық профилактикасы бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;
9) құқық бұзушылық профилактикасы бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы масс-медиада ақпараттық жұмыс жүргізеді;
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды орындайды.
6-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы құқықтары
Қазақстан Республикасының азаматтары:
1) құқық бұзушылық профилактикасына ерікті түрде қатысуға;
2) құқық бұзушылықтың алдын алуға және жолын кесуге, басқа азаматтардан қоғамдық тәртіпті сақтауды талап етуге;
3) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілеріне профилактикалық іс-шараларда жәрдем көрсетуге;
4) уәкілетті мемлекеттік органдарға құқық бұзушылық жасау фактілері және құқық бұзушылық жасауға бейім адамдар туралы хабарлауға;
5) құқық бұзушылықты тіркеп-белгілеу үшін техникалық құралдарды қолдануға;
6) құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге қатысуға;
7) мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, құқық бұзушылық профилактикасы саласында түсіндіру жұмысы мен құқықтық жұмысты жүзеге асыруға;
8) құқық бұзушылық профилактикасы саласында құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, қауіпсіздіктің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) құқық бұзушылық санының өсуіне алып келетін дағдарысты демографиялық процестерге жол бермеу, жұмыссыздықтың күрт өсуін және халықтың өмір сүру деңгейінің құлдырауын тежеу бойынша уақтылы шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді;
3) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимыл жасауын және олардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ережесін, құрамын әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне енгізеді;
5) Қазақстан Республикасының Президентіне Қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі (құқық бұзушылық профилактикасы) туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы енгізеді;
6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
8-бап. Жергілікті өкілді органдардың құзыреті
Жергілікті өкілді органдар:
1) құқық бұзушылық профилактикасына арналған шығыстар бөлігінде жергілікті бюджеттерді бекітеді және олардың атқарылуын бақылайды;
2) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері басшыларының және лауазымды адамдарының жүргізген жұмыстары туралы есептерін тыңдайды;
3) әкімнің ұсынуы бойынша құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың құрамын бекітеді;
4) азаматтар мен ұйымдардың осы Заңның нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
5) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеуге қаражат бөлуге қатысты тиісті әкімдіктер әзірлеген бюджеттік бағдарламаларды қарайды және бекітеді;
6) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі тиісті әкімдіктердің комиссияларының қызметін бақылайды;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
1) өңірлерді дамыту жоспарларындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шараларды әзірлейді және іске асырады;
2) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;
3) жергілікті деңгейде құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
4) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі сотталғандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі;
5) жергілікті деңгейде құқық бұзушылық профилактикасы жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
6) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж үш жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен күтіп-бағуды қамтамасыз етеді;
7) он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен күтіп-бағуды қамтамасыз етеді;
8) кәмелетке толмағандар, оның ішінде бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар, арнаулы білім беру ұйымдары үшін әлеуметтік инфрақұрылым қалыптастыруды қамтамасыз етеді және олардың қызметіне мониторинг жүргізеді;
9) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың құрамын тиісті жергілікті өкілді органдарға бекіту үшін ұсынады, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
10) балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді және үйлестіруді қамтамасыз етеді;
11) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыру мониторингін және оның нәтижелерін бағалауды белгіленген тәртіппен жүзеге асырады;
12) азаматтарды құқықтық тәрбиелеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
13) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақы мөлшерін айқындайды;
14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) құқық бұзушылықтың жалпы профилактикасы жөніндегі шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді және оны іске асыруға жауапты болады;
2) азаматтарды құқықтық тәрбиелеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
3) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың құрамын тиісті жергілікті өкілді органдарға бекіту үшін ұсынады, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
4) көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
5) азаматтарды құқық бұзушылық профилактикасына тарту жөнінде шаралар қабылдайды;
6) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды есепке алуды жүргізеді, оларды көтермелеу түрлері мен тәртібін айқындайды;
7) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі комиссияларды құрады;
8) ресми алдын ала ескерту шығарады;
9) кәмелетке толмағандар үшін әлеуметтік инфрақұрылым қалыптастырады;
10) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді ұйымдастырады;
11) қызметі құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға байланысты коммерциялық емес және өзге де ұйымдарға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетеді;
12) жәбірленушілерді анықтау және оларға көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша мобильді топтармен, отбасын қолдау орталықтарымен, психологиялық қолдау орталықтарымен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастырады;
13) құқық бұзушылық профилактикасының басқа да субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды;
14) зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттерін ашады;
15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10-бап. Отбасын қолдау орталықтарының құзыреті
1) мемлекеттік отбасылық саясат шараларын, оның ішінде неке мен отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдарды шешу жөніндегі шараларды іске асыруды;
2) мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қолдаумен қамтуы жөніндегі жұмысты үйлестіруді;
3) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдемдесуді;
4) тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігімен қолдау көрсетуді;
5) мемлекеттік отбасылық саясаттың бағыттары мен шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын;
6) мемлекеттік отбасылық саясатты іске асыру, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, волонтерлермен, консультативтік-кеңесші органдармен өзара іс-қимыл жасауды;
7) мемлекеттік отбасылық саясат үрдістерін мониторингтеу мен талдауды;
8) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның үйлестіруімен өз құзыреті шегінде білім беру, денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының қатысуымен өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсету жөніндегі мобильдік топтардың жұмысын ұйымдастыруды;
9) құқық қорғау органдары мен басқа да уәкілетті органдарға кәмелетке толмағандар арасында анықталған зорлық-зомбылық пен қылмыс фактілері және зорлық-зомбылықтан көмек сұрап жүгінген адамдар туралы хабар беруді;
10) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көргендерді есепке алуды;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі өзге де шараларды жүзеге асырады.
11-бап. Мобильді топтардың құзыреті
Мобильді топтар:
1) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
2) құқық қорғау органдары мен басқа да уәкілетті органдарға кәмелетке толмағандар арасында анықталған зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылық фактілері және зорлық-зомбылықтан көмек сұрап жүгінген адамдар туралы хабар береді;
3) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен және құқық бұзушылық профилактикасының өзге де субъектілермен өзара іс-қимыл жасайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
12-бап. Прокуратура органдарының құзыреті
Прокуратура органдары:
1) құқық бұзушылық профилактикасы саласында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асырады;
2) заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;
3) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады және арнаулы есепке алуды жүргізеді;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті
Ішкі істер органдары:
1) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шараларды іске асырады;
2) құқық бұзушылық профилактикасы саласында халықпен профилактикалық, ақпараттық-құқықтық жұмыс жүргізеді;
3) құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды анықтайды, профилактикалық есепке алуды жүргізеді және оларға қатысты құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды;
4) құқық бұзушылық жасауға бейiм адамдарды әлеуметтік бейiмдеу және әлеуметтiк оңалту үшiн олар туралы мүдделi мемлекеттiк органдарға хабар береді;
5) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарды кәмелетке толмаған адамдарға қатысты анықталған құқыққа қайшы әрекеттер туралы хабардар етеді;
6) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі барысында ұстап алынған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, сондай-ақ ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды уақтылы орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, оларды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізеді;
7) жәбірленушінің пікірін ескере отырып, оны көмек көрсету жөніндегі ұйымға немесе денсаулық сақтау ұйымына жібереді;
8) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды құқықтық даярлауды ұйымдастырады;
9) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасады;
10) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту тәртібін, нысандарын және түрлерін әзірлейді және бекітеді;
11) күзет қызметі субъектілерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
12) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын және пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың, сондай-ақ қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдардың құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етеді;
13) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес сотталғандарға тәрбиелік тұрғыдан әсер етуді жүзеге асырады;
14) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінен босатылған адамдарды әкімшілік қадағалауды жүзеге асырады;
15) ресми алдын ала ескерту шығарады;
16) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы ғылыми және оқу басылымдарын құзыреті шегінде әзірлейді және басып шығарады;
17) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимыл жасауы және олардың құқық бұзушылық фактілеріне ден қоюы қағидаларын әзірлеуге қатысады;
18) жәбірленушілерді анықтау және оларға көмек көрсетуді ұйымдастыру мәселелері бойынша мобильді топтармен, отбасын қолдау орталықтарымен өзара іс-қимыл жасайды;
19) егер құқық бұзушының болуы жәбірленуші мен оның кәмелетке толмаған отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін болса, оның тұрғынжайларға, жергілікті жердің белгілі бір учаскелеріне кіруін немесе онда болуын шектейді, оған уақытша тыйым салады;
20) профилактикалық әңгімелесу жүргізеді;
21) қорғау нұсқамасын шығарады;
22) сот алдында құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптарды белгілеу туралы өтінішхат береді;
23) сот мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеген адамдарды психологиялық көмек көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізуді қамтамасыз етеді;
24) қылмыстық процеске қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады;
25) ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
26) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
14-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган:
1) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтайды;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын барынша азайту және жою жөнінде ұсынымдар енгізеді;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастырады және үйлестіреді, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту мәселелерінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметін үйлестіреді;
4) әдіснамалық қолдау шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмысын үйлестіреді, квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша оқыту іс-шараларын және ақпарат алмасуды жүргізеді;
5) сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерін сыртқы талдаудың нәтижелері бойынша шығарылған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің орындауына мониторинг жүргізеді;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган қызметінің негізгі бағыттары бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;
7) мемлекеттік және жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалауды жүргізеді және сыбайлас жемқорлық деңгейін айқындау үшін қажетті әлеуметтік зерттеулер жүргізуді жүзеге асырады;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15-бап. Әділет органдарының құзыреті
Әділет органдары:
1) мемлекеттік органдардың құқықтық насихат жөніндегі қызметін үйлестіреді;
2) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін нормалардың қабылдануының алдын алу мақсатында нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізеді;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
16-бап. Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің құзыреті
Экономикалық тергеп-тексеру қызметі:
1) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасына бағытталған іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
2) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, оның ішінде мемлекеттік органдардың мәліметтері мен цифрлық жүйелерін пайдалана отырып анықтайды, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынулар енгізеді;
3) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылықты ерте анықтау және оның профилактикасы әдістемелерін әзірлейді;
4) орын алып отырған тәуекелдер мен қатерлер, сондай-ақ экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылыққа байланысты қабылданатын алдын алу шаралары (масс-медиада, әлеуметтік желілерде, азаматтар көп жиналатын орындарда және басқа да ақпарат көздерінде) туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
5) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, қаржы мониторингі субъектілерімен, салалық қауымдастықтармен және қоғамдық бірлестіктермен, жастар ұйымдарымен және волонтерлік қозғалыстармен, азаматтық қоғаммен және инфлюенсерлермен өзара іс-қимыл жасайды;
6) ведомстволық профилактикалық есепке алуды жүргізеді және экономикалық құқық бұзушылық саласындағы заңға қайшы қызметке байланысты жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жариялайды;
7) құзыреті шегінде профилактикалық әңгімелесу, ресми алдын ала ескерту нысанында экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жалпы және жеке шараларды, сондай-ақ осы саладағы құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды;
8) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
9) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтардың құқықтық даярлығын ұйымдастырады;
10) құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту тәртібін, нысандары мен түрлерін әзірлейді және бекітеді;
11) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;
12) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша профилактикалық іс-шараларды, оның ішінде ведомствоаралық және халықаралық іс-шараларды жүргізеді;
13) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қауіп-қатерді анықтау және оларды жою жөнінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында көлеңкелі экономикаға неғұрлым бейім салалар мен сондай аяларда стратегиялық талдауды жүзеге асырады;
14) экономикалық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін ведомствоішілік қауіп-қатерге мониторинг жүргізеді;
15) құзыреті шегінде құқыққа қайшы контентті анықтау бойынша, оның ішінде бұғаттау жөнінде шаралар қабылдай отырып, Интернет желісінде ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізеді;
16) заманауи цифрлық технологиялар мен құралдарды пайдаланады, жедел ден қою, экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық туралы деректерді жинау және талдау, сондай-ақ оларды жасау қауіп-қатерін болжау, құқық бұзушылық профилактикасы үшін таралу ошақтарын және нысаналы аудиториясын анықтау үшін оларды интеграциялауды жүргізеді;
17) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы бойынша үздік практикаларды зерделеу және ендіру және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру үшін халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, халықаралық салалық ұйымдарға, комитеттерге және жұмыс топтарына қатысады;
18) құзыреті шегінде адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүддесін қорғау және қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдай отырып, әлеуметтік бағдарланған жобаларды іске асырады;
19) мемлекеттік қаражаттың мақсатсыз пайдаланылуын анықтау тұрғысынан әлеуметтік-экономикалық мониторинг жүргізеді, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне мемлекеттің негізсіз шығыстарын қысқарту, мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобаларды қаржыландыруды қайта қарау, нәтижесіз делдалдарды, алыпсатарлық схемаларды болдырмау және нарықтарды тұрақтандыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
20) жұртшылықпен экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасының өзекті мәселелерін талқылау және осы салада жаңа бастамаларды әзірлеу үшін ашық диалог алаңдарын ұйымдастырады;
21) құзыреті шегінде халықтың қаржылық сауаттылығы мен құқықтық мәдениеті деңгейін арттыруға қатысады;
22) құзыреті шегінде білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қаржылық және құқықтық тәрбиелеу мәселелері бойынша білім беру мекемелерімен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ олар үшін экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шараларды өткізеді;
23) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша оқу курстарын, лекцияларды, семинарларды ұйымдастырады;
24) экономикалық (қаржылық) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша ақпараттық материалдар дайындауды, бюллетеньдер (жинақтар) және басқа да ақпараттық басылымдар шығаруды жүзеге асырады;
25) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17-бап. Əскери басқару органдарының құзыреті
1) əскерлерде тәрбиелік, идеологиялық, әлеуметтік-құқықтық жұмыстар мен насихат жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады, әскери қызметшілерді құқықтық тәрбиелеуді жүргізеді;
2) құқық бұзушылықтың алдын алу, əскери тəртіпті және жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйін нығайту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
3) әскери қызметшілерге қатысты құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды;
4) құқық бұзушылық жасауға бейім әскери қызметшілерді анықтайды және құзыреті шеңберінде ден қою үшін әскери полиция органдарына және (немесе) әскери-тергеу органдарына хабар береді;
5) әскери бөлімдердің (мекемелердің) аумағында және (немесе) қызмет өткеру орны бойынша құқық бұзушылық жасаған және (немесе) құқық бұзушылық жасауға бейім әскери қызметшілердің мінез-құлқын, оның ішінде әскери полиция органдары мен құқық қорғау органдарының мәліметтері бойынша бақылауды жүзеге асырады;
6) құзыреті шегінде құқықтық тәртіптің жай-күйіне және құқық бұзушылық профилактикасы бойынша жүргізілетін жұмыстарға жауап береді;
7) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша азаматтармен және ұйымдармен, мемлекеттік органдармен өзара ic-қимыл жасайды;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
18-бап. Әскери-тергеу органдары мен әскери полиция органдарының құзыреті
Әскери-тергеу органдары мен әскери полиция органдары:
1) әскери қызметшілерді құқықтық тәрбиелеуге қатысады;
2) әскери қызметшілерге қатысты заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға бағдарланған құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу нысанында құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жалпы шараларды қабылдайды;
3) құқық бұзушылық жасаған және (немесе) құқық бұзушылық жасауға бейім әскери қызметшілермен профилактикалық әңгімелесу нысанында құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды және әскери бөлімдер (мекемелер) басшылығының алдында олардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыруға жазбаша бастама жасайды;
4) әскери басқару органдарының, әскери бөлімдер (мекемелер) басшылығының қарауына әскери бөлімдердің (мекемелердің) қызметінде орын алып отырған қауіп-қатерді, жүйелі проблемаларды, құқық бұзушылықтың туындау себептері мен жағдайларын барынша азайту және жою жөнінде ұсынымдар енгізеді;
5) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен, мемлекеттік органдармен және коммерциялық емес ұйымдармен, әскери бөлімдердің (мекемелердің) басшылығымен өзара іс-қимыл жасайды;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне және өзге де мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарына, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдарға құқық бұзушылық профилактикасына, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге бағытталған шараларға қатысты ұсынымдар мен ұсыныстар береді.
20-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Білім беру саласындағы уәкілетті орган:
1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін құқықтық тәрбиелеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
2) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыруға, оларға адамгершілік негіздері мен саламатты өмір салтын дарытуға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлейді;
3) білім беру ұйымдарында баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
5) зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері қызметінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
6) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны құру және оның қызметін жүзеге асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
7) кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, қатыгез қарым-қатынастың, жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы мәселелері бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдары:
1) кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
2) білім беру ұйымдарының жұмыс практикасына кәмелетке толмағандардың заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған тәрбиелеу бағдарламалары мен әдістемелерін ендіреді;
3) қосымша білім беру ұйымдары желісін дамытуды қамтамасыз етеді, олардың қызметін талдайды, жетілдіреді және оларға кәмелетке толмағандарды тартады;
4) құқық бұзушылық профилактикасының басқа да субъектілерімен бірлесіп, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілері арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
5) зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
6) кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, қатыгез қарым-қатынастың, жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы мәселелері бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
7) кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзудың анықталған фактілері туралы құқық қорғау органдары мен өзге де уәкілетті органдарға дереу хабар береді;
8) пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандардың орта білім алуын қамтамасыз етеді;
9) ерекше назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу бойынша өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарын, заңды өкілдерін анықтауға, оларды ішкі істер органдарына есепке қоюға және олармен құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шараларды жүргізуге қатысады;
10) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы бойынша білім беру ұйымдарының қызметіне, қабылданып жатқан шаралардың тиімділігіне тоқсан сайын талдау жүргізеді;
11) білім беру ұйымдарының жұмысына қоғамға жат мінез-құлық танытқан кәмелетке толмағандарды анықтау құралдарын ендіреді.
22-бап. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның құзыреті
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган:
1) зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағандарды анықтауға қатысады;
2) зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмағандардың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді және білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар жібереді;
3) зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету жөніндегі қызметті үйлестіреді;
4) зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған кәмелетке толмағандарды жеке қолдап отыруды жүргізеді;
5) өз құзыреті шегінде мобильді топтардың жұмысына қатысады;
6) кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына жіберу туралы сотқа өтініш береді.
23-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті
Білім беру ұйымдары:
1) кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасауы немесе оларға қатысты құқық бұзушылықтың жасалуы, оның ішінде білім беру ұйымынан тыс кәсіби қызметіне байланысты өздеріне белгілі болған фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлайды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілерге психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жасайды;
3) баса назар аударуды талап ететін білім алушыларды педагогикалық сүйемелдеуді жүргізеді және оларға уақтылы қолдау көрсетеді;
4) кәмелетке толмағандардың заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған тәрбиелеу бағдарламалары мен әдістемелерін іске асырады;
5) кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастырады;
6) құқық бұзушылық профилактикасының басқа да субъектілерімен бірлесіп, білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;
7) баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу мәселелері бойынша психологиялық қолдау орталықтарымен өзара іс-қимыл жасайды;
8) құқық бұзушылықтың кез келген нысанына қарсы тұруға бағытталған қауіпсіз білім беру ортасын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
9) білім беру ұйымдарына дәлелсіз себептермен бармай жүрген кәмелетке толмағандарды анықтайды және есепке алуды жүргізеді, олармен және олардың заңды өкілдерімен баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу шеңберінде жұмыс жүргізеді;
10) өз құзыреті шегінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерімен жұмыс жүргізеді;
11) кәмелетке толмағандарға арналған қолжетімді секциялар мен үйірмелердің жұмысын ұйымдастырады;
12) пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмағандардың орта білім алуына көмек көрсетеді;
13) зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік оңалту көрсетеді;
14) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты анықтау және оның алдын алу бойынша профилактикалық кеңестер құрады;
15) қоғамға жат мінез-құлық танытқан кәмелетке толмағандарды анықтайды;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
24-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:
1) саламатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі саясатты қамтамасыз етеді;
2) тәуелділігі (алкогольге, есірткі заттарына, психотроптық заттарға, сол тектестерге, басқа да есеңгірететін заттарға), оның ішінде ойынға тәуелділігі (лудомания) бар адамдарға медициналық көмекті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
3) денсаулық сақтау саласында нашақорлықтың, алкоголизмнің және суицидтердің профилактикасы жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды үйлестіреді;
4) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде денсаулық сақтау саласындағы бірлескен іс-шараларды әзірлеуге қатысады;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
25-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының құзыреті
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары өз құзыреті шегінде:
1) саламатты өмір салтын насихаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
2) құқық бұзушылық профилактикасы жүйесінің мемлекеттік органдары мен мекемелеріне консультативтік көмек көрсетеді;
3) тәуелділігі (алкогольге, есірткі заттарына, психотроптық заттарға, сол тектестерге, басқа да есеңгірететін заттарға), оның ішінде ойынға тәуелділігі (лудомания) бар адамдарға медициналық көмекті ұйымдастырады;
4) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша денсаулық сақтау жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
26-бап. Денсаулық сақтау ұйымдарының құзыреті
Денсаулық сақтау ұйымдары:
1) адамдарды зерттеп-қарауды, динамикалық байқауды, емдеуді жүзеге асырады, сондай-ақ тәуелділігі (алкогольге, есірткі заттарына, психотроптық заттарға, сол тектестерге, басқа да есеңгірететін заттарға), оның ішінде ойынға тәуелділігі (лудомания) бар адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз етеді;
2) құқық бұзушылықтан зардап шеккен адамдардың жүгінуі және оларға көрсетілген медициналық көмек фактілері туралы ішкі істер органдарына хабар береді;
3) кәмелетке толмағандардың денсаулық сақтау ұйымдарында қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарынан тыс кәсіби қызметіне байланысты өздеріне белгілі болған фактілер туралы құқық қорғау органдарына хабарлайды;
4) психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетеді;
5) зерттеп-қарау және емдеу кезеңінде заңды өкілдерінің қамқорлығынсыз қалған үш жасқа дейінгі адасқан, тастанды және басқа да балаларды тәулік бойы қабылдауды және күтіп-бағуды қамтамасыз етеді;
6) алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі кәмелетке толмағандарды тәулік бойы қабылдауды және оларға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
7) қылмыстық қудалау органы мен соттың сұрау салуы бойынша кәмелетке толмаған балаға оның әлеуметтік-психологиялық жай-күйі тұрғысынан жүргізілген диагностика туралы қорытынды ұсынады;
8) арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарды профилактикалық және міндетті медициналық қарап-тексеруді жүргізеді;
9) арнаулы білім беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандардың денсаулығының жай-күйі туралы қорытындыны белгіленген тәртіппен әзірлейді;
10) құқық қорғау органдарының сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәмелетке толмағандар арасындағы психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуына байланысты психикасы мен мінез-құлқы бұзылған (ауыратын) адамдар туралы ақпарат береді;
11) зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша мобильді топтармен, отбасын қолдау орталықтарымен, психологиялық қолдау орталықтарымен өзара іс-қимыл жасайды;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
27-бап. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган:
1) халықты жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесуге бағытталған мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
28-бап. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы ұйымдардың құзыреті
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы ұйымдар:
1) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді;
2) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді;
3) құзыреті шегінде азаматтарды құқықтық тәрбиелеуге қатысады;
4) баспанасыз адамдарды әлеуметтік бейімдеу және оңалту жөніндегі ұйымдар желісін дамытуды үйлестіреді;
5) құқық қорғау органдарына кәмелетке толмағандардың халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер (әрекетсіздік) жасауы немесе оларға қатысты жасалу фактілері туралы, сондай-ақ халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарынан тыс кәсіби қызметіне байланысты өздеріне белгілі болған фактілер туралы дереу хабарлайды;
6) тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ психологиялық, медициналық көмекке және заң көмегіне қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді және ұсыныстарды білім беру және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді;
7) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелеріндегі сотталғандарды жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі;
8) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың, оның ішінде интеграцияланған модель арқылы өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) анықтау және қолдаумен қамту мәселелері бойынша отбасын қолдау орталықтарының, мобильді топтардың жұмысын ұйымдастырады;
9) адам (отбасы) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге ықтимал түрде мұқтаж деп танылуы мүмкін негіздерді анықтауды қамтамасыз етеді;
10) өмірде қиын жағдайдағы адамдарды (отбасыларды) қолдап отыруды және мұндай жағдайдан шығаруды қамтамасыз етеді;
11) жәбірленушілерге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің түрлері, оларды алу тәсілдері, осы елді мекенде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың бар-жоғы туралы хабар береді;
12) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша әлеуметтік жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
29-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның құзыреті
1) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтайды және өз құзыреті шегінде оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;
2) өзге де мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, құқық қорғау органдарында есепте тұрған жастарды қоса алғанда, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) халықты дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту жөнінде шаралар қабылдайды;
2) өзге де мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, құқық қорғау органдарында есепте тұрған жастарды қоса алғанда, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тартады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік спорттық тапсырыс іске асырылатын балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының қызметтерін көрсетеді;
4) құзыреті шегінде құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
30-бап. Масс-медиа саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Масс-медиа саласындағы уәкілетті орган:
1) бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық насихат жүргізуді қамтамасыз етеді;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері қызметінің жариялануына ықпал етеді;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
31-бап. Мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
1) жастар арасында құқық бұзушылыққа төзбеушілік идеологиясын қалыптастырады;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
32-бап. Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік ұйымдардың құзыреті
Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік ұйымдар:
1) жастарды құқыққа қайшы әрекетке тарту қауіп-қатерін төмендету және олардың Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды;
2) мыналарға:
жастарды әлеуметтік пайдалы қызметке тартуға;
жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға;
жастар кәсіпкерлігін қолдауға;
сапалы білім мен жұмысқа орналасуға қолжетімділік беруге бағытталған бағдарламалар мен іс-шараларды әзірлейді, іске асырады;
3) құзыреті шегінде құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
33-бап. Цифрландыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Цифрландыру саласындағы уәкілетті орган:
1) құқық бұзушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, тіркеп-белгілеуге бағытталған цифрлық технологияларды дамытуға ықпал етеді;
2) құқық бұзушылықтың профилактикасы мақсатында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі шараларды іске асырады;
3) мемлекеттік органдардың қолда бар цифрлық жүйелерін интеграциялайды;
4) қауіпсіздікті қамтамасыз етудің цифрлық инфрақұрылымын дамытады;
5) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көрген азаматтарға әртүрлі коммуникация арналары арқылы консультация береді, психологиялық көмек көрсетеді;
6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
34-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органның құзыреті
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган:
1) қаржылық қызметтер көрсету саласындағы құқыққа қайшы әрекеттердің орын алып отырған қатерлері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
2) осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
35-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары
Кәсіпкерлік субъектілері:
1) құқық бұзушылық профилактикасы саласында мемлекеттік органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасауға;
2) құқық бұзушылық профилактикасы жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;
3) жария консультациялар мен қоғамдық кеңестерге қатысуға;
4) құқық бұзушылық жасау фактілері және құқық бұзушылық жасауға бейім адамдар туралы уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлауға;
5) қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған техникалық құралдарды қолдануға;
6) құқық қорғау органдарына құқық бұзушылықты болғызбауға және ашуға, оның ішінде күдікті әрекеттер немесе адамдар туралы деректер ұсыну арқылы жәрдемдесуге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
36-бап. Мүліктің меншік иелері бірлестіктері төрағаларының құзыреті
Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің төрағалары:
1) кондоминиум объектісінде тұру (болу) қауіпсіздігіне қатер төндіретін адамдарды олардың мінез-құлқының құқықтық салдары туралы хабардар етуге;
2) құқық бұзушылық жасау фактілері және құқық бұзушылық жасауға бейім адамдар туралы уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлауға;
3) қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған техникалық құралдарды қолдануға;
4) кондоминиум объектісінде пәтердің меншік иелерінің тұруына (болуына) қауіпсіз жағдайлар жасауға бағытталған іс-шаралар кешенін қамтамасыз етуге;
5) ішкі істер органдарында құқықтық даярлықтан өтуге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
37-бап. Көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік және коммерциялық емес ұйымдардың құзыреті
1) жәбір көрген адамдарға, сондай-ақ құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарға қажетті психологиялық, педагогикалық, медициналық көмекті, заң көмегін беруді ұйымдастырады;
2) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді;
3) психологиялық түзету бағдарламаларын жүргізеді;
4) құқық бұзушылық жасау фактілері немесе оларды жасау қатері туралы құқық қорғау органдарына хабар береді;
5) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады;
6) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
7) құқық бұзушылықтан жәбір көргендерді уәкілетті мемлекеттік органдар белгілеген тәртіппен көмек көрсету үшін отбасын қолдау орталықтарына жібереді;
8) құзыреті шегінде құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша ақпараттық-үгіт жұмыстарын жүргізеді;
2) құқық бұзушылықтан жәбір көргендерді уәкілетті мемлекеттік органдар белгілеген тәртіппен көмек көрсету үшін отбасын қолдау орталықтарына жібереді;
3) отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында кәмелетке толмаған адамдарға қатысты құқық бұзушылық жасау фактілері немесе оларды жасау қатері туралы құқық қорғау органдарына хабар береді;
4) құқық бұзушылық жасауға бейім адамдармен психологиялық түзету бағдарламаларын жүргізеді;
5) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді;
6) әлеуметтік бейімделуге көмек көрсетеді;
7) құқық бұзушылық салдарынан жәбір көрген адамдарға қажетті психологиялық, педагогикалық көмек, заң көмегін беруді ұйымдастырады;
8) құзыреті шегінде құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдайды.
3-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ СУБЪЕКТІЛЕРІН ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖАСАУЫ
38-бап. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия
Ведомствоаралық топтың ұсынымдары құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарында қаралады.
Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі өңірлік (аудандық) ведомствоаралық комиссиялардың өкілеттіктері мен қызмет ету тәртібін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары айқындайды.
39-бап. Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін үйлестіру және олардың өзара іс-қимыл жасауы
1) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
2) ақпарат алмасу;
3) оң тәжірибені зерделеу және тарату;
4) бірлескен профилактикалық іс-шаралар жүргізу;
5) отырыстар мен кеңестер өткізу;
6) бюллетеньдер (жинақтар) және басқа да ақпараттық басылымдар шығару арқылы жүзеге асырылады.
40-бап. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі (құқық бұзушылық профилактикасы) туралы ұлттық баяндама
1) құқық бұзушылық профилактикасы саласының ағымдағы жай-күйі;
2) криминогендік ахуалдың ағымдағы жай-күйі;
3) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шаралардың тиімділігін бағалау;
4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүддесін қорғау және қалпына келтіру, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, азаматтарды зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастан, қоғамға жат мінез-құлықтан қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру көрсетіледі.
2-БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР
4-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ ШАРАЛАР
41-бап. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жалпы шаралар
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын және құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы өзге де жоспарлау құжаттарын әзірлеу, іске асыру, талдау және мониторингтеу;
2) халық арасында құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы ақпараттық және идеологиялық жұмыстарды жүргізу;
3) ғылым мен техниканың жетістіктерін интеграциялау;
4) азаматтарды құқық бұзушылық профилактикасына тарту болып табылады.
42-бап. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын және құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы өзге де жоспарлау құжаттарын әзірлеу, іске асыру, талдау және мониторингтеу
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын және құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы өзге де жоспарлау құжаттарын әзірлеу, іске асыру, талдау және мониторингтеу, сондай-ақ олардың тиімділігін бағалау жобалық басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес қамтамасыз етіледі.
43-бап. Халық арасында құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы ақпараттық және идеологиялық жұмыстарды жүргізу
44-бап. Ғылым мен техниканың жетістіктерін интеграциялау
1) криминогендік статистиканы талдау, ықтимал құқық бұзушылық үрдістерін анықтау және болжау, мемлекеттік органдардың ресурстарын кейіннен ұтымды түрде қайта бөлу және құқық бұзушылық профилактикасы бойынша мақсатты шараларды әзірлеу үшін деректерді талдау мен машиналық оқытудың қазіргі заманғы әдістерін ендіру;
2) биометрия және сәйкестендіру технологияларын қолдану;
3) әртүрлі цифрлық және геоақпараттық жүйелерді, дерекқорларды интеграциялау және пайдалану;
4) құқық бұзушылықты бейне тіркеп-белгілеудің техникалық құралдарын, жасанды интеллектіні қолдану;
5) цифрлық жүйелер мен азаматтардың дербес деректерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында оқыту;
6) криминология саласында, қоғамға жат мінез-құлық себептеріне ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеу;
7) мамандарды даярлау, олардың біліктілігін арттыру;
8) құқық бұзушылық профилактикасын талдау әдістерін әзірлеу;
9) құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды әлеуметтік оңалту бағдарламаларын ғылыми деректер негізінде әзірлеу;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген басқа да цифрлық құралдар мен ғылыми әдістер арқылы жүзеге асырылады.
45-бап. Азаматтарды құқық бұзушылық профилактикасына тарту
1) кәмелет жасына толмаған;
2) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан;
3) осы Заңда көзделген профилактикалық есепте тұрған;
4) өтініш бергенге дейін бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
5) наркологиялық, психикалық-неврологиялық диспансерлерде есепте тұрған не сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтар жіберілмейді.
1) құқық бұзушылық профилактикасына одан әрі қатысқысы келмейтіні туралы өтініші;
2) қылмыстық жауаптылыққа тартылуы;
3) қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылуы;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі;
5) құқық бұзушылық профилактикасына одан әрі қатысуын болғызбайтын мән-жайлардың болуы (психикасының, мінез-құлқының бұзылуы (ауыруы), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуына, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес айналасындағыларға қауіп төндіретін өзге де ауруына байланысты бұзылуы (ауыруы) не қайтыс болуы) негіз болып табылады.
46-бап. Қоғамдық көмекшілердің құқықтары мен міндеттері
1) құқықтық насихатты ұйымдастыруға қатысу;
2) консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысу;
3) құқық бұзушылық профилактикасының басқа субъектілеріне жәрдемдесу;
4) құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу арқылы жүзеге асырады.
1) құқық қорғау органдарының профилактикалық есебіне қоюға жататын адамдар туралы хабар беруге және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тікелей қатысуымен олармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізуге қатысуға;
2) құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру және жинау, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктердің жабайы өсетін егістері фактілері туралы құқық қорғау органдарына хабар беруге;
3) есірткі заттарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға, жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар, сондай-ақ осындай мақсаттар үшін ықтимал жарамды үй-жайлар туралы құқық қорғау органдарына хабар беруге;
4) ішкі істер органдары қызметкерлерінің тікелей басшылығымен қоғамдық орындарда, сондай-ақ әртүрлі спорттық, мәдени-бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге;
5) хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге, қылмыстарды ашуға жәрдем көрсетуге;
6) құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенге дейін оқиға орнын күзетуді жүзеге асыруға;
7) жатақханалар мен оқу-өндірістік шеберханаларды қоса алғанда, оқу орындарының аумағында құқық бұзушылық профилактикасына қатысуға;
8) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасын және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алуды жүзеге асыруға;
9) құқық бұзушылықтың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстап алу мақсатында, егер көрсетілген мақсаттарға өзге де тәсілдермен қол жеткізу мүмкін болмаса, дене күшін және басқа да құралдарды қолдануға құқығы бар. Бұл ретте осы үшін қажетті шаралардан асып кетуге жол берілмеуге тиіс.
1) азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға;
2) дайындалып жатқан не жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың өздеріне белгілі болған фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабар беруге;
3) азаматтардың талап етуі бойынша өзінің құқық бұзушылық профилактикасына қатысуының құқыққа сыйымдылығын растайтын куәлікті көрсетуге;
4) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұстап алынған азаматтарға оларға қолданылатын мәжбүрлеу шараларының негіздерін түсіндіруге;
5) құпиялылықты сақтауға;
6) құқықтық даярлықтан өтуге міндетті.
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттiк органдардың айрықша құзыретiне жатқызылған процестік және өзге де қызметтi жүзеге асыруға;
2) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өкілеттіктерін иемденуге;
3) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіруге;
4) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шараларға қатысу кезінде куәгер болуға;
5) адамның және азаматтың ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорлайтын не азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құқыққа сыйымсыз шектейтін әрекеттер жасауға;
6) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шараларға қатысу кезінде құқық қорғау органдары қаруланатын арнаулы құралдарды пайдалануға;
7) әйелдер, мүгедектік белгілері анық адамдар, жасы белгілі немесе анық көрініп тұрған кәмелетке толмағандар қаруланып не топтасып шабуыл (зорлық-зомбылық) жасаған жағдайларды қоспағанда, оларға қатысты дене күшін және басқа да құралдарды қолдануға тыйым салынады.
47-бап. Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын адамдарды көтермелеу шаралары
1) алғыс жариялау;
2) грамотамен наградтау;
3) ақшалай сыйақы төлеу;
4) білім беру және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға жіберу;
5) ұйымға, кәсіпорынға көтермелеу туралы ұсынулар жіберу;
6) құқық бұзушылық профилактикасына елеулі үлес қосқан адамдар үшін мемлекеттік наградамен және құрметті атақпен наградтау туралы ұсыныстар енгізу болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдар құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеудің өзге де шараларын қолдануға құқылы.
Егер қоғамдық көмекшілер ретінде жергілікті атқарушы органдарда тіркелмеген азаматтар құқық бұзушылықтың алдын алуға, жолын кесуге немесе оны ашуға ықпал етсе, комиссия осы Заңда белгіленген тәртіппен оларды да көтермелеуге құқылы.
Көтермелеу тәртібін, түрлерін және мерзімдерін жергілікті атқарушы органдар айқындайды.
5-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ЖЕКЕ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР
48-бап. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шаралар
1) профилактикалық әңгімелесу;
2) ресми алдын ала ескерту;
3) жақындауға тыйым салу;
4) әкімшілік жазалау;
5) өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) есепке алу;
6) өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен әлеуметтік оңалтуды ұйымдастыру;
7) жүріп-тұру еркіндігін превентивтік шектеу;
8) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыну;
9) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;
10) профилактикалық есепке алу және бақылау;
11) баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу;
12) қорғау нұсқамасы;
13) құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптарды белгілеу;
14) әкімшілік қадағалауды белгілеу;
15) арнаулы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу;
16) тәрбиелік тұрғыдан әсер ету шаралары;
17) ата-ана құқықтарынан айыру не оларды шектеу, бала асырап алудың күшін жою, қорғаншылар мен қамқоршыларды өз міндеттерін орындаудан босату және шеттету, баланы патронаттық тәрбиешінің тәрбиесіне беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу;
18) психологиялық көмек көрсету.
49-бап. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шараларды қабылдау себептері мен негізі
1) жеке және заңды тұлғалардың хабарлары немесе өтініштері, сондай-ақ масс-медиадағы хабарлар;
2) уәкілетті лауазымды адамның құқық бұзушылықтың жасалуы не құқық бұзушылықты жасау қатерінің төнуі фактісін тікелей анықтауы;
3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан келіп түскен материалдар себеп болып табылады.
1) адамның құқық бұзушылық жасауға жағдай туғызатын іс-әрекетін (әрекетін немесе әрекетсіздігін);
2) адамның қоғамға жат мінез-құлқын;
3) заңды күшіне енген сот актісін көрсететін жеткілікті деректердің болуы негіз болып табылады.
50-бап. Профилактикалық әңгімелесу
51-бап. Ресми алдын ала ескерту
Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасын жүзеге асыруға жауапты лауазымды адам ресми алдын ала ескерту жарияланған адамның жұмыс (оқу) орны бойынша жұмыс берушiге (әкiмшiлiкке) немесе оның тұрғылықты жерi бойынша азаматтардың өзiн-өзi басқару органына ресми алдын ала ескертудің шығарылғаны туралы хабарлауға құқылы.
52-бап. Жақындауға тыйым салу
53-бап. Әкімшілік жаза
Әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылық жасаған адамды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау және құқықтық тәртіпті құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзінің де, басқа адамдардың да тағы құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.
54-бап. Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) есепке алу
55-бап. Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыру
56-бап. Жүріп-тұру еркіндігін превентивтік шектеу
1) белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдардың әрекеттерінде қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған кезде және мұндай адамдардың жеке басын өзге де тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған кезде оларға;
2) заңды күшіне енген сот актісі негізінде мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын, сол сияқты шығарып жіберу туралы сот актісінде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты жеке профилактика жөніндегі шара болып табылады.
57-бап. Құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыну
58-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
59-бап. Профилактикалық есепке алу және бақылау
1) қорғау нұсқамасы шығарылған адамды;
2) мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамды;
3) бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылданған адамды;
4) әкімшілік қадағалау белгіленген адамды;
5) ресми алдын ала ескерту шығарылған адамды;
6) қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза немесе қылмыстық-құқықтық әсер етудің өзге де шаралары қолданылған адамды;
7) кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу бойынша өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарын, заңды өкілдерін;
8) қадағалаусыз және панасыз қалғандарды;
9) арнаулы білім беру ұйымдарын, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарын бітірушілерді;
10) адамның психикалық және тәндік функциялары мен мінез-құлқына теріс әсер ететін алкогольдік ішімдіктерді, есірткі заттарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді және өзге де күшті әсер ететін заттарды шамадан тыс пайдаланатын кәмелетке толмағандарды;
11) тәрбиелік тұрғыдан әсер ету шаралары қолданылған кәмелетке толмағандарды;
12) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесi мекемелерiнен босатылған кәмелетке толмағандарды;
13) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде, оның ішінде рақымшылық немесе кешірім жасау актісі нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылған кәмелетке толмағандарды;
14) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмауына байланысты немесе психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық тұрғыдан дамуының кешеуiлдеуi салдарынан қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын, қылмыстық құқық бұзушылық белгiлерi бар іс-әрекеттер жасаған кәмелетке толмағандарды;
15) күзетпен қамауға алуға байланысты емес бұлтартпау шаралары таңдап алынған, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған немесе күдiк келтірілген кәмелетке толмағандарды профилактикалық есепке қояды.
Қазақстан Республикасының заңдарында адамдарды профилактикалық есепке қою үшін өзге де негіздер көзделуі мүмкін.
1) егер құқық бұзушылық жасауға бейім адамның түзелу жолына түскені анықталса, тұрғылықты жері бойынша немесе еңбек қызметінде жағымды мінездеме берілсе, мерзімінен бұрын;
2) құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шаралардың мерзімі өткен соң, егер оны ұзартуға негіздер болмаса;
3) құқық бұзушылық жасауға бейім адамның бас бостандығынан айыруға сотталуына байланысты;
4) кәмелетке толмаған баланың он сегіз жасқа толуына байланысты;
5) қайтыс болуына байланысты тоқтатылады.
1) профилактикалық есепте тұрған адамның белгіленген шектеулерді сақтауын және жүктелген міндеттерді орындауын;
2) кәмелетке толмағандардың, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) күтіп-бағу бойынша өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналарының, заңды өкілдерінің мінез-құлқын жүйелі түрде байқаудан тұрады.
Осы адамдардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ оларға профилактикалық бақылауды жүзеге асыру тәртібі осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалады.
Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, профилактикалық бақылаудың кезеңділігі құқық бұзушылық жасау ықтималдығын бағалау негізге алына отырып айқындалады.
60-бап. Қорғау нұсқамасы
Жәбірленушіге оның құқықтары, сондай-ақ өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адам оны бұзған жағдайдағы құқықтық салдары түсіндіріліп, қорғау нұсқамасы шығарылған күні оның көшірмесі қолын қойғызып ұсынылуға тиіс.
Қорғау нұсқамасының шығарылғаны туралы хабарлама (хабархат) табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжайы бойынша мәтіндік хабармен не хабархаттың немесе шақырудың тіркеп-белгіленуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі.
61-бап. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптарды белгілеу
62-бап. Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаны немесе өзге де қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларын қолдану
Жазалау тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді.
63-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату
Өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталған адам жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған жағдайда, пробациялық бақылау он жыл мерзімге белгіленеді.
64-бап. Әкімшілік қадағалау
1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар үшін – жазасын өтегеннен кейін үш жылға;
2) ауыр қылмыстар үшін – жазасын өтегеннен кейін алты жылға;
3) аса ауыр қылмыстар үшін жазасын өтегеннен кейін сегіз жылға белгіленеді.
1) осы баптың 2-тармағында аталған адамдарға қатысты заңды күшіне енген сот үкімі;
2) осы баптың 3-тармағында аталған адамдарға қатысты ішкі істер органдарының материалдары негіз болып табылады.
65-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды белгiлеу тәртiбi
1) мекеме бастығының ұсынуы бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің орналасқан жері;
2) ішкі істер органы бастығының уәжді ұсынуы бойынша қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінен босатылған адамның тұрғылықты жері бойынша белгіленеді.
Сот қаулысы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің бастығына не әкімшілік қадағалау белгіленген адамның тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) ішкі істер органының бастығына орындау үшін жіберіледі.
Әкімшілік қадағалауды белгілеу, оның мерзімін ұзарту немесе шектеулерін өзгерту туралы сот қаулыларын әкімшілік қадағалаудағы адамға – ішкі істер органының бастығы, ал қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесіндегі адамға мекеме бастығы қолын қойғызып жариялайды. Бұл ретте әкімшілік қадағалаудағы адамға – оның мiндеттерi, әкiмшiлiк қадағалау қағидаларын бұзғаны үшiн жауаптылығы, ал қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесi мекемесiнен босатылар алдында әкiмшiлiк қадағалау белгіленген адамға таңдаған тұрғылықты жерiне белгiлі бір мерзiмде келмегенi үшiн жауаптылығы түсiндiрiледi.
Әкiмшiлiк қадағалауды белгілеу туралы судьяның қаулысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен прокурордың өтінішхаты бойынша немесе тiкелей жоғары тұрған сот арқылы күшін жоюы немесе өзгертілуi мүмкiн.
1) ішкі істер органдары айқындаған уақытта тұрғынжайдан кетуге;
2) ауданның (қаланың) ішкі істер органдары айқындаған жерлерінде болуға;
3) қадағалауды жүзеге асыратын ішкі істер органдарының рұқсатынсыз аудан (қала) шегінен тыс жерлерге шығуға;
4) ата-аналарының не заңды өкілдерінің келісімінсіз кәмелетке толмағандарды іздестіруге, оларға баруға, олармен телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілмен қарым-қатынас жасауға;
5) алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі заттарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға тыйым салу түріндегі шектеулер толық көлемде немесе жеке-жеке қолданылуы мүмкін.
Әкімшілік қадағалаудағы адамға арналған шектеулердің тізбесін судья ішкі істер органының уәжді ұсынуы бойынша оның өмір сүру салты мен мінез-құлқын ескере отырып, бірақ осы тармақта көзделген шектеулер шегінде қысқартуы немесе толықтыруы мүмкін.
1) осы Заңда көзделген, өзіне қатысты белгіленген шектеулерді сақтауға;
2) шақыру бойынша ішкі істер органдарына көрсетілген мерзімде келуге, әкімшілік қадағалау қағидаларын орындауға байланысты мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түсініктемелер беруге;
3) әкімшілік қадағалауды жүзеге асыратын ішкі істер органының қызметкерлерін жұмыс орны мен тұрғылықты жерінің ауысқаны туралы, сондай-ақ қызметтік және жеке істері бойынша аудан (қала) шегінен тыс жерлерге шығуы туралы бір тәулік ішінде хабардар етуге;
4) ішкі істер органының рұқсатымен басқа елді мекенге шыққан және онда бір тәуліктен астам болған кезде өзінің мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыруы үшін жергілікті ішкі істер органында тіркелуге;
5) әкімшілік қадағалау мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеуге міндетті.
1) әкімшілік қадағалауды белгілеу және шектеулерді қолдану туралы істің материалдарымен сотта танысуға;
2) түсініктеме беруге, дәлелдемелер ұсынуға;
3) әкімшілік қадағалауды мерзімінен бұрын тоқтату туралы (қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемесінен жағымды мінездеме не тұрғылықты жері немесе еңбек қызметі бойынша жағымды мінездеме болған кезде), сондай-ақ өзіне қатысты белгіленген шектеулердің күшін жою не тұрақты тұрғылықты жерінен қысқа мерзімге шығу туралы өтінішхаттарды мәлімдеуге;
4) әкімшілік қадағалауды тоқтату туралы қаулымен ішкі істер органында танысуға құқығы бар.
66-бап. Әкiмшiлiк қадағалауды жүзеге асыру тәртiбi
Әкімшілік қадағалау белгіленген адам таңдаған тұрғылықты жеріне келмеген жағдайда, ішкі істер органы оның тұрған жерін және келмеу себептерін анықтау бойынша бастапқы іс-шараларды жүргізеді.
Әкімшілік қадағалау белгіленген адамның тұрған жері анықталмаған кезде ішкі істер органы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастайды, бұлтартпау шарасын таңдай отырып, оған іздестіру жариялайды.
1) әкімшілік қадағалау белгіленген адамды есепке қойғаннан кейін әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін оның жергілікті атқарушы органдарға келуін қамтамасыз етуге және әкімшілік қадағалауды белгілеу туралы сот қаулысының көшірмесін олардың мекенжайына жіберуге;
2) әкімшілік қадағалау белгіленген адамның тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша оның мінез-құлқын жүйелі түрде байқауға;
3) әкімшілік қадағалау белгіленген адамның қоғамдық тәртіпті, адамның және азаматтың құқықтары мен заңды мүддесін бұзуының алдын алуға және жолын кесуге;
4) әкімшілік қадағалау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы белгіленген тәртіппен және жағдайларда жасауға және оны қарау үшін сотқа жіберуге міндетті.
1) әкімшілік қадағалаудағы адамның мінез-құлқы туралы мәліметтерді оның жұмыс орны мен тұрғылықты жері бойынша меншік нысанына қарамастан ұйымның әкімшілігінен, сондай-ақ жеке тұлғалардан сұратуға және алуға;
2) әкімшілік қадағалаудағы адамды ішкі істер органдарына профилактикалық әңгімелесуге шақыруға, келісімдері болған кезде туыстарының қатысуымен профилактикалық әңгімелесу жүргізуге;
3) әкімшілік қадағалаудағы адамнан әкімшілік қадағалау қағидаларын орындауға байланысты мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түсініктемелер талап етуге;
4) әкімшілік қадағалаудағы адамның мінез-құлқын және белгіленген шектеулерді сақтауын байқау мақсатында тәуліктің кез келген уақытында оның тұрғынжайына баруға құқығы бар, бұл ретте Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен болмаса, қарап-тексеруге, тінту жүргізуге жол берілмейді;
5) әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру және әкімшілік қадағалау белгіленген адамның тұрған жері туралы ақпарат алу үшін электрондық бақылау құралдарын пайдалануға құқығы бар. Электрондық бақылау құралдарын қолдану және әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру бойынша ішкі істер органдарының қызметін ұйымдастыру тәртібін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Ішкі істер органының әкімшілік қадағалауды жүзеге асыратын қызметкері осы Заңның 59-бабы 9-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда әкімшілік қадағалауды тоқтату туралы қаулы шығарады, оны ішкі істер органының бастығы бекітеді.
Ішкi iстер органының бастығы осы Заңның 59-бабы 9-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда әкiмшiлiк қадағалауды мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы сотқа уәжді ұсыну жiбередi, ол он күндік мерзiмде қаралуға тиіс.
Судьяның немесе iшкi iстер органының әкiмшiлiк қадағалауды тоқтату туралы қаулысы адамға қолын қойғыза отырып хабарланады.
67-бап. Тәрбиелік тұрғыдан әсер ету шаралары
1) ескерту жасау;
2) заңды түсіндіру;
3) келтірілген зиянның есесін толтыру міндетін жүктеу;
4) кәмелетке толмаған баланың бос уақытын шектеу және мінез-құлқына ерекше талаптарды белгілеу;
5) ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;
6) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру;
7) жәбірленушіден кешірім сұрау міндеттемесін жүктеу;
8) пробациялық бақылауды белгілеу.
68-бап. Ата-ана құқықтарынан айыру не оларды шектеу, бала асырап алудың күшін жою, қорғаншылар мен қамқоршыларды өз міндеттерін орындаудан босату және шеттету, баланы патронаттық тәрбиешінің тәрбиесіне беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу
69-бап. Психологиялық көмек көрсету
Сот Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен психологиялық көмектен өтуді тағайындаған адамдар:
1) барлық курстарға баруға;
2) құпиялылық шараларын сақтауға және курстарға басқа да қатысушылардың құқықтарын құрметтеуге;
3) әдеп стандарттары мен мінез-құлық қағидаларын, курстарды ұйымдастырушылар белгілеген талаптар мен ұсынымдарды сақтауға міндетті.
1) жәбірленушілерді және құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды қабылдауды жүзеге асырады;
2) қажетті психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастырады, қажет болған жағдайда, осы адамдарды медициналық көмек көрсету және одан әрі оңалту үшін денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді;
3) құқық бұзушылық жасаған адамдармен ерікті психологиялық түзету бағдарламаларын жүргізеді;
4) зорлық-зомбылық фактілері немесе оларды жасау қатері туралы ішкі істер органдарына хабар береді;
5) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
Осы бапта көзделген көмек тұратын жеріне қарамастан көрсетіледі.
6-тарау. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ЖӨНІНДЕГІ АРНАУЛЫ ШАРАЛАР
70-бап. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі арнаулы шаралар
1) құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша ғылыми және әлеуметтанушылық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қызметін жетілдіруге бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу;
3) құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы жөніндегі шаралар;
4) халықтың белгілі бір әлеуметтік тобы арасында қоғамға жат мінез-құлықтың қалыптасуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
5) құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің оң тәжірибесін қорыту және тарату;
6) профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу.
71-бап. Құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы жөніндегі шаралар
Мыналар құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасы жөніндегі шаралар болып табылады:
1) тұлғаның жеке, гендерлік және әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, құқық бұзушылықтан жәбір көргендерге қатысты профилактикалық іс-шараларды жүргізу;
2) халықты, оның ішінде құқық бұзушылықтан жәбір көргендерді тұлғааралық жанжалдарды шешу тәсілдеріне оқыту;
3) құқық бұзушылықтан жәбір көргендерді анықтау және қорғау жөнінде шаралар қабылдау;
4) құқық бұзушылықтан жәбір көргендерге көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құру;
5) құқық бұзушылықтан жәбір көргендердің тәндік және психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оған Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзін-өзі қорғау тәсілдері мен құралдары туралы хабар беруге бағытталған арнаулы кешенді шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
6) қоғамға жат мінез-құлық салыстырмалы түрде жиі байқалатын немесе құқық бұзушылық жасалатын орындарды (аумақтарды) жүйелі түрде бақылау;
7) шабуыл жасалған жағдайда қорғану шаралары туралы мәліметтерді тарату арқылы халықты құқықтық тәрбиелеу және үйрету;
8) қоғамға жат мінез-кұлық, дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған құқық бұзушылық туралы ақпарат алу мақсатында құқық бұзушылық профилактикасын тікелей жүзеге асыратын орган немесе мекеме жанынан сенім телефондарын, "қауырт желілерді", құтқару қызметін ұйымдастыру;
9) профилактикалық бағдарламалар мен іс-шаралардың жобаларын жалпыға ортақ талқылауды ұйымдастыру, оларды жүргізу кезіндегі проблемалар мен кемшіліктерді анықтау және жою мақсатында веб-сайттар, блогтар, чаттар ұйымдастыру, интернет желісінде роликтерді тарату;
10) виктимизация ауқымдары мен факторларын, мемлекеттік органдар мен құқық бұзушылық профилактикасының басқа да субъектілерінің құқық бұзушылықтан жәбір көргендерге қызметтер көрсету сапасын анықтауға бағытталған виктимологиялық зерттеулер жүргізу және виктимологиялық зерттеулер қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен құқық бұзушылық профилактикасының басқа да субъектілерінің қызметін жетілдіру;
11) құқық бұзушылықтың виктимологиялық профилактикасының заманауи әдістері туралы әдебиетті тарату;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды қабылдау.
72-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының ерекшеліктері
Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдар (отбасылар) туралы мәліметтер отбасын қолдау орталықтарына жіберіледі, онда оларға әлеуметтік, заңдық және психологиялық қолдау көрсетуге жәрдем беріледі.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көргендерге арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер немесе психологиялық көмек алуына, оның ішінде олардың бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұруына мүмкіндік беріледі.
1) азаматтардың тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі туралы әрбір хабары, өтініші бойынша жедел ден қоюдың құқықтық шараларын қабылдайды;
2) тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі туралы бір тәулік ішінде құқық бұзушылық профилактикасының мүдделі субъектілерін хабардар етеді;
3) жәбірленуші құқық бұзушымен ортақ тұрғынжайдан жеке гигиена заттарын, маусымдық киімдері мен жеке басын куәландыратын құжаттарын алып шыққан кезде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді.
Жарты жылда бір рет құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі өңірлік ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарында өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтаудың және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастырудың тиімділігіне баға беріледі.
Қарау нәтижелері бойынша өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) әлеуметтік-экономикалық қолдау жөніндегі аумақтық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарына тиісті өзгерістер енгізіледі.
Проблемалық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысына шығару үшін жұмыс органына ақпарат жіберіледі.
73-бап. Қылмыстың қайталап жасалуы профилактикасының ерекшеліктері
1) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінен босатылған адамдар және бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларға сотталған адамдар арасында құқық бұзушылық жасау себептері мен жағдайларын анықтау, жою;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-бабында көзделген алынбаған және жойылмаған сотталғандығы бар адамдарды профилактикалық есепке алу және бақылау;
3) қылмыстық-құқықтық әсер ету шараларын белгілеу;
4) әкімшілік қадағалауды белгілеу;
5) пробациялық бақылауды жүзеге асыру;
6) электрондық бақылау құралдарын қолдану;
7) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жүрген адамдарды әлеуметтік оңалтуға және әлеуметтік бейімдеуге даярлау;
8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан сотталғандарға криминалдық субмәдениеттің ықпалына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
9) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар үшін жазасын өтеген адамдарды өмір бойы есепке алу;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды жүзеге асыру.
74-бап. Масаң күйде жасалатын құқық бұзушылық профилактикасының ерекшеліктері
1) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуына байланысты психикасы, мінез-құлқы бұзылған (ауыратын) адамдарды анықтау, есепке қою және оңалту;
2) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану;
3) динамикалық есепте тұрған адамға денсаулық сақтау ұйымдарында одан әрі профилактикалық байқау үшін медициналық зерттеп-қараудан өту қажеттігі туралы ресми алдын ала ескерту шығару;
4) есірткі заттарын, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды заңсыз сақтаудың, олардың айналымының, оларды тасудың, өткізу мен пайдаланудың, оларды тұтынудың, сондай-ақ алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру мен өткізудің алдын алу;
5) психикаға белсенді әсер ететін заттардың әсерімен, масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу, себептері мен жағдайларын анықтау және жою;
6) жергілікті атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат берген сауда ұйымдары мен көпшілікті тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішетін немесе қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиеті мен қоғамдағы адамгершілік нормаларын қорлайтындай масаң күйде болатын адамдарды анықтау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарының бұзылуын анықтау;
8) құқық бұзушының не қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптарды белгілеу;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды жүзеге асыру.
75-бап. Қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылық профилактикасының ерекшеліктері
1) білім беру және демалу ұйымдары;
2) денсаулық сақтау ұйымдары;
3) көпшілікті тамақтандыру пункттері;
4) кинотеатрлар, театрлар, цирктер, концерт, тамашалау және көрме залдары, спорт ареналары және жалпы көпшіліктің демалуына арналған басқа да жабық құрылысжайлар, оның ішінде түнгі клубтар мен дискотекалар;
5) музейлер, кітапханалар мен лекторийлер;
6) жергілікті және алыс қатынастағы пойыздар, әуе, теңіз және өзен көлігі кемелері, қалалық, қалааралық автобустардың, маршруттық таксилердің және қалалық электр көлігінің салондары;
7) әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының ғимараттары, теміржол вокзалдарының перрондары және метрополитендер;
8) рұқсаттамалық режимді пайдаланбайтын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың үй-жайлары;
9) бұзақылық жасалған жағдайларда еңбек ұжымдары жұмыс істеу үшін пайдаланатын рұқсаттамалық режимі бар объектілердегі жұмыс орындары болып табылатын үй-жайлар;
10) үйлердің кіреберістері;
11) осы баптың 2-тармағында көзделген өзге де орындар жатады.
1) тұрақты (кез келген уақытта кіруге болатын орындар: көшелер, тұйық көшелер, скверлер, бульварлар, жағалаулар, алаңдар, вокзалдар, аулалар (жеке үйлердің аулаларын қоспағанда);
2) мерзімді (белгілі бір сағаттарда халыққа қызмет көрсетуге және халықтың демалуына арналған үй-жайлар: базарлар, білім беру және емдеу-сауықтыру мекемелері, демалыс аймақтары, мәдени мекемелер, ойын-сауық, спорт мекемелері, қоғамдық көлік, сауда кәсіпорындары, жолаушылар вагондары, көпшілікке арналған дәретханалар) болып бөлінеді.
1) бейнебақылау камераларын орнату;
2) ішкі істер немесе күзет органдарының қатысуын ұлғайту;
3) қоғамдық патрульдерді ұйымдастыру;
4) жұртшылықты хабардар ету жөнінде профилактикалық әңгімелесулер мен науқандар жүргізу;
5) қоғамға жат мінез-құлық салыстырмалы түрде жиі байқалатын немесе құқық бұзушылық жасалатын орындарды (аумақтарды) жүйелі түрде бақылау;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды жүзеге асыру.
76-бап. Экономикалық құқық бұзушылық профилактикасының ерекшеліктері
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің құқықтық және өзге де актілеріндегі;
2) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ұйымдастыру-басқару қызметіндегі ведомствоішілік қауіп-қатерді анықтауды қамтиды.
Экономикалық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін ведомствоішілік қауіп-қатерге мониторинг жүргізу тәртібі қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітіледі.
Экономикалық құқық бұзушылық саласындағы заңға қайшы қызметке байланысты жеке және заңды тұлғалардың тізілімі профилактика жасау және экономикалық құқық бұзушылық саласында орын алған тәуекелдер мен қатерлер туралы қоғам мен кәсіпкерлік субъектілеріне хабар беру үшін пайдаланылады.
77-бап. Балалардың қадағалаусыз, панасыз қалуы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасының ерекшеліктері
Мыналар балалардың қадағалаусыз, панасыз қалуының және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы жөніндегі арнаулы шаралар болып табылады:
1) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың, жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы, оларды әлеуметтік оңалту бойынша мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіруге бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу;
2) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуы, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынас, жәбірлеу (буллинг) мәселелерін зерделеу және осындай мәселелер бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру;
3) кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың профилактикасы бойынша құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің оң жұмыс тәжірибесін қорыту және тарату, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
4) кәмелетке толмағандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
5) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмаған және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберілетін кәмелетке толмаған баланы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ата-анасына немесе заңды өкілдеріне беру.
78-бап. Баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу
1) оқу пәндері бойынша үлгермейтіндер;
2) қадағалаусыз, панасыз қалғандар, қаңғыбастықпен, қайыршылықпен айналысатындар;
3) білім беру ұйымының жарғысын және (немесе) ішкі тәртіптеме қағидаларын өрескел немесе бірнеше рет бұзғандар;
4) дәлелді себепсіз сабаққа бір ай ішінде төрт және одан да көп күн үнемі бармайтындар;
5) әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылық жасағандар;
6) алкогольдік, энергетикалық сусындарды, психикаға белсенді әсер ететін заттарды, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), темекі бұйымдарын тұтынатындар;
7) ойынқұмарлықтан (лудоманиядан) зардап шегетіндер;
8) жүктілер;
9) зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшырағандар немесе зорлық-зомбылықтың куәсі болғандар;
10) зорлық-зомбылық, қатыгез қарым-қатынас жасағандар, жәбірлегендер (буллинг жасағандар);
11) арнаулы білім беру ұйымдарын бітіргендер;
12) қоғамға жат мінез-құлық жасағандар.
79-бап. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі басқаратын кенттік, ауылдық комиссиялар мен ауылдық округ комиссиясын қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің орынбасары комиссия төрағасы болып табылады.
Хатшы тиісті мемлекеттік органның аппаратында штаттық лауазымды атқарады.
Хатшыға өзге де функционалдық міндеттерді жүктеуге тыйым салынады.
1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүддесін қорғау және қалпына келтіру, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуына, құқық бұзушылық пен қоғамға жат мінез-құлқына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
2) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың профилактикасы бойынша мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіруге, оларды әлеуметтік оңалтуға бағытталған әдістемелік көмек көрсетеді;
3) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, күтіп-бағу жағдайларына бақылауды қамтамасыз етуге қатысады;
4) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған комиссиялардың қызметін үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуы, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, қатыгез қарым-қатынас, жәбірлеу (буллинг) мәселелерін зерделейді;
5) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар желісін дамытуға жәрдем көрсетеді және олардың қызметін мониторингтеуді қамтамасыз етеді;
6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдардың оң жұмыс тәжірибесін қорытады және таратады, оларға әдістемелік және ұйымдастырушылық-практикалық көмек көрсетеді;
7) мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, олардың құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы есептерін тыңдайды және жетекшілік ететін мәселелер бойынша олардың арасында өзара ақпарат алмасуды ұйымдастырады;
8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінен босатылған не арнаулы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастырудағы және тұрмыстық жағдайын жасаудағы мүдделі органдардың қызметін үйлестіреді, сондай-ақ өмірде қиын жағдайға ұшыраған кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту бойынша өзге де функцияларды жүзеге асырады;
9) құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын не олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қатысты материалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды;
10) отбасын қолдау орталықтарымен бірлесіп, өмірде қиын жағдайға ұшыраған кәмелетке толмағандарға қатысты шаралар қолдану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
80-бап. Арнаулы білім беру ұйымдары
1) кәмелетке толмаған баланың өтінішхаты негізінде кәмелетке толмаған баланың жалпы білім беретін немесе кәсіптік даярлықты аяқтауы қажет болған;
2) әкiмшiлiк ықпал ету шараларына алып келетін құқық бұзушылықты үнемі жасаған, орта бiлiм алудан қасақана жалтарған, арнаулы бiлiм беру ұйымынан өз бетінше кетіп қалған, өзге де қоғамға жат мінез-құлық жасаған жағдайларда ғана ұзартуы мүмкін.
1) кәмелетке толмағандарды күтіп-бағудың арнаулы жағдайларын қамтамасыз етедi, бұған көрсетілген мекеменiң аумағын күзету, тәрбиеленушiлердiң жеке қауiпсiздiгi және олардың терiс әсерден барынша қорғалуы, көрсетілген мекеменiң аумағына бөгде адамдардың еркiн кiруiн және одан тәрбиеленушiлердiң өз бетінше кетіп қалуын шектеу, кәмелетке толмағандарды тәулiк бойы қабылдау, кәмелетке толмағандарды, оның iшiнде ұйқыға бөлiнген уақытта байқау және бақылау, кәмелетке толмағандарды, олардың заттары мен ұйықтайтын үй-жайларын жеке қарап-тексеруді жүргізу кіреді;
2) кәмелетке толмаған баланың арнаулы білім беру ұйымында орта білім алуын қамтамасыз етеді;
3) көрсетілген мекеменің орналасқан жері бойынша және кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына олардың өз бетінше кетіп қалу фактілері туралы хабар береді және оларды іздестіру мен қайтаруға тікелей қатысады;
4) кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерi бойынша кәмелетке толмағандардың iстері және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияға мекемеде болу мерзiмi аяқталғанға дейiн кемінде бiр ай бұрын оның көрсетілген мекемеден шығуы туралы хабархатты, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаға мiнездеменi және онымен алдағы уақытта құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шараларды жүргiзу және оның жұмысқа орналасуы мен тұрмыстық жағдайын жасауға жердемдесу қажеттiгi туралы ұсынымдарды жiбередi.
81-бап. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымы
1) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толмауына не татуласуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған;
2) егер олар ауырлығы орташа қылмыс немесе ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса және сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 83-бабында көзделген тәртіппен қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатса, он бiр жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар орналастырылады.
Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберу туралы ұсынуды ішкі істер органдары аталған кәмелетке толмаған балаға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарылған күннен бастап отыз тәулік ішінде сотқа жібереді.
Айрықша жағдайларда бұл мерзім ішкі істер органдарының немесе прокурордың қаулысы негізінде отыз тәулікке дейін ұзартылуы мүмкін.
Мүдделі адамдар көрсетілген материалдармен танысқандығы туралы ұсынылған материалда тиісті жазба жасайды.
Кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында ұстауға:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдарға қатысты – сот шешімі;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдарға қатысты – сот үкімі негіз болып табылады.
1) кәмелетке толмаған баланың келісімімен не оның өтінішхаты бойынша кәмелетке толмаған баланың жалпы білім беретін немесе кәсіптік даярлауды аяқтауы қажет болған;
2) қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа толғанға дейін қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекет жасаған жағдайларда ғана ұзартылуы мүмкін.
Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған кәмелетке толмағандарды жіберу тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде айқындалады.
1) кәмелетке толмағандарды ұстаудың арнаулы жағдайларын қамтамасыз етеді, бұған ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының аумағын күзету, тәрбиеленушілердің жеке қауіпсіздігі және олардың теріс әсерден барынша қорғалуы, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының аумағына бөгде адамдардың еркін кіруін және одан тәрбиеленушілердің өз бетінше кетіп қалуын шектеу, кәмелетке толмағандарды тәулік бойы, оның ішінде ұйқыға бөлінген уақытта байқау және бақылау, кәмелетке толмағандарды, олардың заттары мен ұйықтайтын үй-жайларын жеке қарап-тексеруді жүргізу кіреді;
2) ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымының орналасқан жері бойынша және кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына олардың өз бетінше кетіп қалуы фактілері туралы хабар береді және оларды іздестіру мен қайтаруға тікелей қатысады;
3) кәмелетке толмаған баланың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымында орта білім алуын қамтамасыз етеді;
4) кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жері бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға, ішкі істер органдарына ұйымда болу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бір ай бұрын оның ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымынан шығуы туралы хабархатты, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаға мінездемені және онымен алдағы уақытта жеке профилактикалық жұмыс жүргізу және оның жұмысқа орналасуы мен тұрмыстық жағдайын жасауға жәрдемдесу қажеттігі туралы ұсынымдарды жібереді.
82-бап. Профилактикалық есепте тұрған кәмелетке толмағандарға құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы жөніндегі шараларды қолдану ерекшеліктері
1) кәмелетке толмағандарды әлеуметтік интеграциялауға, олардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға және кәсіптік бағдарлануына бағытталған әлеуметтік бейімдеу және оңалту жөніндегі бағдарламаларға қатысу;
2) мінез-құлықты түзету, жанжалдың жағдайларды еңсеру және эмоцияларды басқару дағдыларын дамыту үшін психологиялық қолдау, консультациялар, психологпен жеке немесе топтық сабақтар;
3) білім беру қызметіне тарту – білімі мен құзыретінің деңгейін арттыру үшін білімге, кәсіптік оқытуға немесе қосымша білім беру бағдарламаларына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
4) қоғамға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және еңбек дағдыларын дамытуға ықпал ету үшін қоғамға пайдалы қызметке қатысуға тарту;
5) тәлімгерлік жүйені қолдану – кәмелетке толмаған балаға қолдау көрсететін және әлеуметтік бейімделуіне көмектесіп, сүйемелдейтін ересек тәлімгерді тағайындау;
6) қолайсыз ортамен байланысты шектеу – кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық жасауға тартатын адамдармен олардың қарым-қатынасын шектеуге бағытталған шараларды қолдану;
7) тәуелділік профилактикасы жөніндегі бағдарламалар – психикаға белсенді әсер ететін заттарды, алкоголь мен темекі өнімдерін тұтынуын болғызбауға бағытталған бағдарламаларға қатысу;
8) отбасылық консультация беру және қолдау – отбасы ішіндегі қарым-қатынасты жақсарту және тәрбиеге қолайлы орта жасау мақсатында кәмелетке толмаған баланың отбасымен жұмыс істеу жөніндегі іс-шараларды ескеруге тиіс.
Көрсетілген шаралар кәмелетке толмаған баланың жеке ерекшеліктерін, ол жасаған іс-әрекеттің сипаты мен мән-жайларын ескере отырып, сондай-ақ қайталап құқық бұзушылық жасау қауіп-қатерін барынша азайту мақсатында қолданылуға тиіс.
1) ауданның (қаланың) ішкі істер органдары айқындаған жерлерінде болуға;
2) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның рұқсатынсыз аудан (қала) шегінен тыс жерлерге шығуға;
3) өзіне теріс әсер ететін адамдармен байланысқа түсуге;
4) алкогольдік ішімдіктерді, есірткі заттарын, психотроптық заттарды тұтынуға шектеулерді толық көлемде немесе жеке-жеке белгілеуі мүмкін.
Кәмелетке толмаған балаға арналған шектеулер тiзбесiн судья ішкi iстер органының уәжді ұсынуы бойынша оның өмір сүру салты мен мiнез-құлқын ескере отырып қысқартуы немесе толықтыруы мүмкін.
3-БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
83-бап. Қазақстан Республикасының құқық бұзушылық профилактикасы туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Адамның жеке басының құпиясын немесе отбасылық құпияны құрайтын жеке өмiрi туралы мәлiметтердi жария ету Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа алып келеді.
84-бап. Құқық бұзушылық профилактикасын тікелей жүзеге асыратын және оған қатысатын органдар мен мекемелердің қызметін қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
85-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1) "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының;
2) "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының;
3) "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының;
4) "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының;
5) "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.
|
Қазақстан Республикасының |
Қ. ТОҚАЕВ |