Құрметті Жоғарғы Бұрлық ауылының тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Президенті К.Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, елде жүргізілетін реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын, жауапкершілігі мен есеп беру міндеттерін арттыру мақсатында, ауылдық округ әкімінің өткір мәселелер мен әлеуметтік сұрақтарды түсіндіру және шешу бойынша халықпен кездесулері жыл бойы әр тоқсан сайын өткізіледі.
2026 жылдың 22 сәуірінде сағат 11:00-де Жоғарғы Бұрлық орта мектебінің ғимаратында Имантау ауылдық округінің әкімі К.К.Сейткалиевтің Жоғарғы Бұрлық ауылының тұрғындарымен кездесуі өтеді.