Бүгін Имантау ауылдық округінде «Ауыл аманаты» бағдарламасының әлеуетті қатысушыларымен кездесу өтті.
Іс-шараға «AMANAT» партиясының төрағасы Қожахметов А.Қ., кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Махметов А.Г., сондай-ақ ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысының орынбасары Серғазин Д.Т. қатысты.
Кездесу барысында жеңілдетілген несиелеу шарттары, бағдарламаға қатысу тәртібі және ауылдық жерде кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндіктері түсіндірілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарына жауап алды.