Имантау ауылдық округінің әкімі Б. Жантілеуовтың Жоғарғы Бұрлық ауылының тұрғындарымен кездесуі

2024 жылғы 15 Қаңтарда Имантау ауылдық округінің Жоғарғы Бұрлық ауылында ауылдық округ әкімі Б. М. Жантлеуовтың халықпен кездесуі өтті. Іс-шараға учаскелік инспектор полиция майоры Н.С. Карипенов және ауыл тұрғындары қатысты.

Әңгімелесу барысында тұрғындар абаттандыру мәселелерін, атап айтқанда, кентішілік жолдарды қысқы күтіп ұстау мәселелерін айтты.

Барлық проблемалық мәселелерді одан әрі шешу үшін Б. М. Жантлеуов жеке бақылауға алды.

Сондай-ақ, интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында учаскелік инспектор Н.С. Карипенов алдаудың кең таралған схемалары туралы ескерту әңгімесін өткізді.

Дата публикации
10 июля 2025