ХАТТАМА Имантау ауылдық округі әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет есебін жария талқылау туралы

ХАТТАМА

Имантау ауылдық округі әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет есебін жария талқылау туралы

 

Имантау а.                                                             24 сәуір 2025 ж.

 

Төрағалық етті:

Ауылдық округ әкімі Б. М. Жантілеуов

 

Қатысқандар: мемлекеттік қызмет көрсетуге ауылдық округ әкімі аппаратының жауапты қызметкері, округтің бас мамандары, округ тұрғындары

 

КҮН ТӘРТІБІ

 

  1. Имантау ауылдық округі әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

 

          Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы есепті ауылдық округ әкімі Б. М. Жантілеуов оқыды.

Ұсыныс сұрақтары бола ма?

Сұрақтар мен ұсыныстар түскен жоқ.

Есепті талқылау қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар берілді:

 

  1. Мемлекеттік қызмет көрсететін маманға:

- қолданыстағы заңнамаға, ережелер мен стандарттарға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;

- «Электрондық Үкімет» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізу;

- мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары мен стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;

- Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініштердің сапалы қаралуын, өтінімдерді уақтылы тіркеуді және мерзімдердің, бизнес-процестердің және жұмыс уақытының кестесінің сақталуын қамтамасыз ету.

Осы хаттаманың орындалуын бақылау Имантау ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жауапты бас маманы Тимур Зарифович Аировке жүктелсін.

 

Имантау ауылдық округі   

әкімі                                                                                                       Б.Жантілеуов

 

Бас маман жерге орналастырушы                                                   Т.Аиров

                                                

                             

 

                             

 

Дата публикации
24 апреля 2025