2024 жылғы 15 қаңтарда Имантау ауылдық округінің Жоғарғы Бұрлық ауылында ауылдық округ әкімі Б. М. Жантілеуовтың халықпен кездесуі өтті. Іс-шараға учаскелік инспектор полиция майоры Н.С. Карепенов және ауыл тұрғындары қатысты.
Әңгімелесу барысында тұрғындар абаттандыру мәселелерін, атап айтқанда, кентішілік жолдарды қысқы күтіп ұстау мәселелерін айтты.
Барлық проблемалық мәселелерді одан әрі шешу үшін Б. М. Жантілеуов жеке бақылауға алды.
Сондай-ақ, интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында учаскелік инспектор Н.С. Карепенов алдаудың кең таралған схемалары туралы ескерту әңгімесін өткізді.