Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы «Арықбалық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің 2025 жылға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы «Арықбалық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бекітілген ережелер мен стандарттарға сәйкес 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
Мемлекеттік қызметтер электрондық немесе қағаз түрінде көрсетіледі.
Тізілімге сәйкес, 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге 21 өтініш қаралды. электрондық түрде, «Е-лицензиялау» порталы арқылы – «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 2, «Сауда - саттықты (аукциондарды) откізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» - 18, «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» қағаз түрінде - 1.
Мемлекеттік қызметтер белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес мереке және демалыс күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін күн сайын көрсетіледі. Азаматтарды қабылдау алдын ала жазылусыз, кезектілік тәртібімен жүзеге асырылды.
Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
Ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету тізбесі бар материал орналастырылған ақпараттық стенд, сондай-ақ қажетті құжаттар тізбесінің және оларды толтыру нысандарының үлгілерінің болуы бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысының жоспарына сәйкес, ауылдық округ әкімінің аппараты жыл ішінде әлеуметтік желіде 24 жарияланым орналастырды Facebook желілерінде, 7 жарияланым Арықбалық ауылдық округі әкімі аппаратының сайтында орналастырылды. Жыл ішінде заңнаманы және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын түсіндіру бойынша брошюралар таратылды, барлығы – 342 дана.
2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ.