Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы «Арықбалық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің 2025 жылғы 3 тоқсандағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы «Арықбалық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ бекітілген ережелер мен стандарттарға сәйкес 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  1. «Жеручаскесініңнысаналымақсатынөзгертугешешімберу»;
  2. «Кент,ауыл жерлерінен жеручаскесін беру»;
  3. «Сауда - саттықты(аукциондарды) откізуді талап етпейтін мемлекетменшігіндегіжеручаскелерінеқұқықтар алу»;
  4. «Жеручаскесінжекеменшікке ақысын бірден төлепнебөліп төлеу арқылы сату»;
  5. «Жер учаскесіналу ұшінкезеккеқою».

 

Мемлекеттік қызметтер электрондық немесе қағаз түрінде көрсетіледі.

2025 жылдың 3 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсетуге 10 өтініш қаралды. Электрондық түрде «Е-лицензиялау» порталы арқылы «Сауда - саттықты (аукциондарды) откізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» - 9 өтініш, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша-1 өтініш. Қағаз түрінде өтініштер түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес мереке және демалыс күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін күн сайын көрсетіледі. Азаматтарды қабылдау алдын ала жазылусыз, кезектілік тәртібімен жүзеге асырылды.

Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

Ауылдық округ әкімдігінің ғимаратында мемлекеттік қызметтер көрсету тізбесі бар материал орналастырылған ақпараттық стенд, сондай-ақ қажетті құжаттар тізбесінің және оларды толтыру нысандарының үлгілерінің болуы бар.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмысының жоспарына сәйкес, ауылдық округ әкімінің аппараты 2025 жылдың           3 тоқсанында әлеуметтік желіде 5 жарияланым орналастырды Facebook желілерінде, 1 жарияланым Арықбалық ауылдық округі әкімі аппаратының сайтында орналастырылды, сондай – ақ заңнаманы және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын түсіндіру бойынша брошюралар таратылды, барлығы-66 дана.

2025 жылдың 3 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылған жоқ.

Дата публикации
14 октября 2025