2024 жылғы 10 шілдеде Арықбалық ауылдық округінің әкімі А. Әшімов Арықбалық ауылының тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар ауыл үшін маңызды мәселелерді көтерді, оларды әрі қарай шешу үшін әкім бақылауға алды.
Кездесуге Айыртау ауданының ТЖ бөлімінің мамандары қатысып, азаматтарға жазғы уақытта суда және орманда жүріс-тұрыс ережелерін түсіндірді.