2024 жылғы 18 наурызда Арықбалық ауылдық округінің Қарасай Батыр ауылында ауылдық округ әкімі А.А. Әшімовтың халықпен кездесуі өтті

2024 жылғы 18 наурызда Арықбалық ауылдық округінің Қарасай Батыр ауылында ауылдық округ әкімі А.А. Әшімовтың халықпен кездесуі өтті. Іс-шараға учаскелік инспектор мен ауыл тұрғындары қатысты.
Әңгіме барысында тұрғындар абаттандыру, атап айтқанда көшелерді жарықтандыру мәселелерін айтты.
Барлық проблемалық мәселелер одан әрі шешу үшін А. А. Әшімовтің жеке бақылауына алынды.
Сондай-ақ, интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында учаскелік инспектор А.Т. Рамазанов жалпы алдау схемалары туралы ескерту әңгімесін өткізді.

 

Дата публикации
29 марта 2024